- Басты
- Жаңалықтар
- АӨК субсидиялау шағын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге уақытылы егін жинауға мүмкіндік береді
АӨК субсидиялау шағын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге уақытылы егін жинауға мүмкіндік береді
«Егін жинау науқанында кешігудің басты себебі шаруалардағы техника тапшылығы болып табылады. Ал, техника қаржы жетпегеннен кейін жетпейді. Солтүстік Қазақстан бойынша 3500-ден астам шаруқожалығы бар, олардың иелегінде 350 гектарға жуық жер бар. Осындай егін алқабына иелік етіп отырған шаруалар өздеріне техника сатып ала алмайды. Ал, жаңа заң аталмыш майда шаруаларға немесе кәсіпорындарға бірігуге мүмкіндік береді. Осылайша олар ешкімге телмірмей жаңа техника сатып ала алады және егінді уақытылы жинайтын болады», - деп атап өтті Б.Рахымбеков.
Ол үшін 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге инвестициялық субсидия бере бастайды.
«Егер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушісі өзіне техника сатып алғысы келсе, оның құнының 30% -ын АШМ кепілдік мүліксіз, алдын ала төлемсіз субсидиялайтын болады. Яғни техниканы ол лизингке алатын болады, осы ретте жылдық 14% үстемақының 7%-ын мемлекет субсидиялайды», - деп атап өтті ол.
Естеріңізге сала кетейік Елбасы Н.Назарбаев 2015 жылдың 2 қарашасында Ұлт жоспары «100 қадамды» жүзеге асыруға бағытталған «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» ҚР заңына қол қойды.
Анар Тәңірқұлова
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері