ҰКП: Қазақстандағы 50 кәсіпкерлік қазқамту қатынасы бар екенін растамады

16 Қараша, 2015 12:03
95 кәсіпкерліктің 50 кәсіпорны құрамында қазқамту қатынасы барын растамады, деді «Интеграциялық үдерістер жағайында Қазақстан тауар өндірушілерін қолдау» тақырыбында өткен ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев.

«Т-KZ техсертификаттарын иеленушілер отандық тауар өндірушілері болып саналмауы да мүмкін, сондықтан елде берілген СТ-KZ техсертификаттарына аудит жүргізіле бастады. Биылғы тамыздан бастап жұмыс басталды, күмандар расталды. 95 кәсіпкерліктің 50 кәсіпорны құрамында қазқамту қатынасы барын растамады», - деді Н.Әлтаев.

Ол атап өткендей, кейбір жағдайларда тек маңдайшасында жазу жазылып, тауардың сыртына  жалған «Қазақстанда жасалған»  логотипін жабыстырған.  Осы арқылы «Самұрық-Қазына» жүйесі мен меморган сатып алуларына  қатысуда.

Оның айтуынша, ұлттық компаниялар сатып алуларында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ қорының үлесі зор. Оның жүйесі, оның еншілес кәсіпорындары жыл сайын көптеген қызмет пен тауар сатып алады. Және бұл қазақстандық бизнес тарапынан үлкен қызығушылық тудыруда.

«Осыған орай, «Атамекен» ҰКП жыл басынан бері «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-мен бірігіп, «Самұрық-Қазына» жүйесіндегі сатып алуларда жергілікті қазақстандық үлесті қамтамасыз ету үшін үлкен жұмыс атқарды. Атап өтсек, 2015 жылдың басынан бері «Самұрық-Қазына» жүйесінде ұзақ мерзімді келісімшарттар бекіту

Ботагоз Айтжанова

Барлық жаңалықтар