• Басты
  • Жаңалықтар
  • В.Салахов: Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстандағы этностар достығының ядросы

В.Салахов: Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстандағы этностар достығының ядросы

16 Қараша, 2015 13:46
Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстандағы этностар достығының ядросы мен орталығы, деп хабарлады Әзірбайжан этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Видади Салахов «Strategy2050.kz» АА берген сұхбатында.

«Толеранттылық қазақ халқына тән қасиет, жарлықпен халыққа толерантты үйрете алмайсын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  әрқашан халық бірлігі туралы айтып келді, ол  өркениеттің кілті сол арқылы екенін білді, Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстандағы этностар достығының ядросы мен орталығы, 130 этносты бір ядроға біріктіру - ол қажырлы еңбекті қажет етеді. Менің пайымымша ҚХА бұл міндетті абыроймен атқарып келеді», - деп мәлімдеді ол.

В. Салахов атап өткендей, конституциялық дәрежесі бар мұндай қоғамдық бірлестіктің әлемде өзге баламасы жоқ.

«Егер мемлекеттегі халықтардың арасында өзара түсіністік жоқ болса, онда өсіп өркендеу туралы айта алмайсын. Н. Назарбаев үлкен саясаткер ретінде оны бірден түсініп,  алға қарай ілгерілете бастады, сондықтанда Қазақстан халқы  Ассамблеясы пайда болды. Оған конституциялық дәреже берілген, сонымен қатар ҚР Парламенті Мәжілісіне 9 депутат ұсыну құқығы да бар», - деп түсіндірді ол.

Айта өтейік, Әзірбайжан этно-мәдени бірлестігі қазақстандағы  этносаралық достықты дамытуға өзінің үлесін қосып келеді. Орталықта жексенбілік мектептер, би және ән ансамбльдері жұмыс істейді, оларға 100-ге жуық адам қатысады.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар