- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда мини-футболдан Қазақстанның Ұлттық студенттік лигасының финалдық ойындары басталды
Алматыда мини-футболдан Қазақстанның Ұлттық студенттік лигасының финалдық ойындары басталды
Мини-футболдан Қазақстанның Ұлттық студенттер лигасының екінші маусымына 30-дан астам команда қатысып отыр. Олар Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы, Алматы облысындағы ЖОО өкілдері. Еске сала кетейік, өткен жылы ҰСЛ ойындарына Астана мен Алматы қалаларының ЖОО-лары ғана қатысқан болатын. Бұл Қазақстанда студенттердің спорттық қозғалысының кеңінен таралуының айқын дәлелі екендігін көрсетіп отыр.
Осы жылдың көктемінде өткен іріктеу ойындарының нәтижелері бойынша Чемпионаттың финалдық бөлігіне қатысуға «жолдама» алғандар белгілі болды.
ҰСЛ финалына Астана қаласынан «NAZARBAYEV UNIVERSITY» (Назарбаев Университеті), «Агротех-57» (С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті) және «Күлтегін» (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті) командалары, Алматы облысы мен Алматы қаласынан «Techno» (Еуразиялық технологиялық университет), «Жетісу Барысы» (І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті), «IT Legion» (Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті), «Алтын Дән» (Қазақ ұлттық аграрлық университеті), «Caspian University» (Каспий университеті) және «Арлан» (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), Шымкент қаласынан «Достык» (Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар достығы университеті), «Ясауи» (Х.А.Ясауи атындағы Қазақ-түрік халықаралық университеті), «Ұстаз» (Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институты), «Сұңкар» (М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті), «МарС» (М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты) командалары қатысады.
Қарағанды ҰСЛ-ға өз делегаттарын ұсынып отыр. Олар: «ҚазтұтынуОдағы» (ҚазтұтынуОдағы Қарағанды экономикалық университеті) және ҚМУ (Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті).
Топтық кезеңнің жарыстары «Достық» спорт кешенінде 16-19 қарашада өтеді (Алматы қ. Абай даңғылы, 58). Плей-офф жарысы 21 қарашада өтеді. Жартылай финал және финал жексенбі күні – 22 қарашада өтеді.
Ұлттық студенттер лигасының қазіргі чемпионы өткен жылы Чемпиондар Лигасының финалына жолдама алған «Күлтегін» командасы (ЕҰУ) екенін естеріңізге сала кетейік.
Жоғарыда айтылғандай, биылғы чемпионаттың үздік ойыншыларынан келесі жылы студенттер арасында өтетін мини-футболдан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстанның студенттік құрамасы жасақталады.
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды