ҚХР СУАА және ШҚО кәсіпкерлері 1,7 млрд доллардың 7 келісіміне отырды (ФОтО)

16 Қараша, 2015 10:58
Аймақ әкімі Даниал Ахметов бастаған ШҚО делегациясы ҚХР Синьцзян-Уйгур автономды ауданда іссапармен болып қайтты. Сапар барысында аймақ басшылары ынтымақтастық туралы келісімге отырып, екі жақ кәсіпкерлері 1,7 млрд доллар көлеміндегі 7 меморандумға қол қойды, облыс әкімдігі.

Шығыс Қазақстан облысының іссапар бағдарламасы облыс әкімі Даниал Ахметов пен ҚХР СУАА халық билігінің төрағасы Шохрат Закирдің ресми кездесуінен басталды.

«Шығыс Қазақстан – еліміздің экономикалық мүмкіншіліктері мол, аграрлы-индустриалды өңірлерінің бірі һәм бірегей болып табылады. Облысымыз Қытай Халық Республикасының жеке аудандарымен тығыз сауда-экономикалық байланыстарын жүргізіп келеді»,- деді кездесу барысында Даниал Ахметов.

Мәселен, жылдың басынан бері сыртқы сауда айналымы 590 млн АҚШ долларын құраған. Оның ішінде экспорт – 389 млн АҚШ доллары, импорт – 200- млн АҚШ долларынан астам.

Сондай-ақ, іссапар барысында ШҚО және ҚХР СУАА кәсіпкерлерінің де кездесуі өтті. Қытай жағынан СУАА, Пекин, Шанхай және Гоконг аймақтарынан жиналған 160 кәсіпкер кездесуге қатысты. Олар өздерінің Қазақстанда кәсіп жүргізуге қызығушылық танытатынын білдірді.

Нәтижесінде кәсіпкерлер арасында 7 келісім жасалып, кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастық жұмыстарына 1,7млрд доллар бөлінеді деп шешілді. Аталмыш жобалар ШҚО-дағы мал шаруашылығы, құрылыс және ауыл өнімдерін өндеу салаларын қамтымақ.

 

Барлық жаңалықтар