• Басты
  • Жаңалықтар
  • Көкшетауда жөндеуден кейін облыстық аурухананың терапия корпусы ашылды (ФОТО)

Көкшетауда жөндеуден кейін облыстық аурухананың терапия корпусы ашылды (ФОТО)

16 Қараша, 2015 11:28
Көкшетауда жөндеуден кейін облыстық аурухананың терапия корпусы ашылды, деп хабарлады Ақмола облысының әкімдігі.

Ашылу салтанатына Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин қатысты. Бас дәрігер Серік Аяғановтың айтуынша, корпустың жөнделуіне 252 млн 184,875 мың теңге бөлінді.

Терапия  корпусы пациенттерге ревматология, гастроэнтропология, пульмонология, эндокринология, неврология бойынша да қызмет көрсете алады. Барлық физиотерапиялық  үрдістер жүргізіледі.

Корпустың 5-ші қабатында облыс халқына жеделжәне жоспарлы көмек көрсететін бөлім бар. Қоспаларды өндіретін дәріхана да бар.

Осы корпуста жедел қызметтерді жүзеге асыратын санитарлық авиация посты тәулі бойы жұмыс істейді.

 

Барлық жаңалықтар