- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ТКШ кеңінен жаңғыртылуда
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ТКШ кеңінен жаңғыртылуда

Отыз жастағы Астана тұрғыны Асхат Ыбыраев көлік саласында нәпәқасын тауып жүр. Ол осыдан бір жыл бұрын тұрғын үйдің екінші нарығында үй сатып алды. Пәтер шамамен бес жаста, өте кең және елорданың жақсы аудандарының бірінде орналасқан. Бәрі жақсы деуге болар еді, алайда бұрынғы қожайындардан ПИК-ке 50 мың теңгеге жуық берешегі қалған екен.
«Бұрыңғы қожайындар ескі ПИК-ке қарызбыз деп сендірген, бұл ресми қарыз. Себебі бұрыңғы ПИК тұрғындардан ақша жинағаннан басқа ештеме істемеген. Сондықтанда жайдан жай ешкім төлегісі келмеген. Жаңа ПИК өзінің міндетін жақсы орындайтын сияқты, алайда олардың өзі 50 мың теңге төлейтіндей деңгейде емес. Алайда қазіргі төраға ПИК-ке барлықтары берешегін өтегенін талап етіп отыр. Менің есептеуімше бұл әділ емес. Мен тек ағымдағы төлемдерді өтеуге келісемін», - деді Асхат Ыбыраев.
Ал, ПИК-тің өзінде тұрғындарға жағдайды түсіндіруден шаршадық. Тұрақты түрде жиналыстар өткізіледі, алайда оларға тұрғындардың жартысы да клемейді, сондықтан хабарландыруларды таратуға мәжбүрміз. Бұл жағдайда нәтиже де жоқ, деп отыр.
«Бізде жұмысшыларымызға жалақы төлейтің ақша жоқ. Рас, бұрыңғы ПИК өз міндетін лайықты дәрежеде атқармаған. Алайда олардың олқылықтарының орнын біз толтырдық, үй жаңа болғанымен кей жерлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу керек болды, кейбір позъезддердегі жылу құбырларын ауыстырдық, бейнебақылау орнаттық. Кім бұлардың бәрі үшін төлейді? Кейбіреулер ағымдағы төлемдердің өзін өтегісі келмейді. Мұның барлығы кейбір ПИК басшылары жұмыс істемей, халықтан ақша жинаумен айналысуының нәтижесі», - деді ПИК төрағасы Мұрат Амантаев.
Болашақта жағдай мүлдем өзгеруі мүмкін. ҚР Ұлттық экономика министрлігі ТКШ туралы заңға өзгертулер енгізуді ұсынды. Болжам бойынша «Бір үй - бір басқару – бір ПИК» принціпін енгізу көзделуде. Бұл ПИК жұмысын жүйелендірер еді. Сонымен қатар, ПИК-ті аттестациялаудан өткізу жоспарланған. Салалық ведомствоның пайымынша, бұл пәтер иелері кооперативіне кездейсоқ адамдардың енуіне мүмкіндік бермейтін болады. Осыдан бір жыл бұрын «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Мемлекет басшысы тұрғын үй коммуналды шаруашылық саласын жаңғырту туралы нақты тапсырмаларды жайдан-жай қойған жоқ. Ол 2020 жылға дейін желілердің ескіруін 60-тан 53%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Бағдарламаны қаржыландыру үшін бюджеттік несиелендіру, құрылысты субсидиялау қарастырылған.
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ТКШ жаңғыртуды жеделдету үшін қомақты қаржы бөлу қарастырылған. Ағымдағы жылы бұл мақсатта 60 млрд теңге, ал 2016 жылы — 90 млрд теңге және одан кейін жыл сайын 100 млрд теңгеден бөлу қарастырылған», - деп хабарлады өткен бейсенбідегі арнайы брифингте Қазақстан ТКШ жаңғырту және дамыту орталығының басқарма төрағасы Сергей Шайжүнісов.
Қазынадан ТКШ үшін бөлініп жатқан қаржы қомақты. Алайда қазақстандықтар аталмыш саладағы барлық шығынды үкімет өз мойнына ала алмайтынын түсінуі керек. Пәтер иелері өздері де өз мүлікінің жағдайына алаңдап, оның күтілуіне атсалысуы тиіус.
Данияр Қасымов
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері
-
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді
-
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты
-
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы
-
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды
-
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды
-
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты
-
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары
-
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр
-
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді
-
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді

