- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның мемлекеттік құрылысының тәжірибесі үлгі аларлықтай – шетелдік сарапшы
Қазақстанның мемлекеттік құрылысының тәжірибесі үлгі аларлықтай – шетелдік сарапшы
- Бүгінде әлем елдері экономика саласындағы доктриналарын өзгертуге мәжбүр. Бұл негізгі экспорттық шикізат бағасының, мұнайдың құлауына байланысты. Бұл шаралар кешенін Қазақстан да қолданылуда. Қазақстан Үкіметінің ұлттық экономиканы тұрақтандыру қызметін қалай бағалайсыз?
- Әлемдік экономикалық дағдарыс Қытай, Ресей сынды елдерге әсер еткендіктен Қазақстанға да әсер етпей қоймады. Бұл туралы осы жылдың 20 тамызында өткен экономикалық саясаттың одан әрі дамыту кеңесінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та айтқан болатын. Бұл отырыста қазақстандық бизнес өкілдері қатысты, Елбасы дағдарыстың кәсіпкерлікке әсерін азайту мақсатында доллар мен өзге шетелдік валюталарды еркін айналымға жіберуді ұсынған болатын.
Н.Назарбаев сондай-ақ, мемлекеттік қолдауды әлем бойынша бәсекеге қабілеттілік таныта алатын салаларға күшейту керектігін айтты. Оған, қоса Мемлекет басшысы дағдарыстан аз қамтылған халық бөлігіне қамқорлық көрсетіп, оны алдын алу шараларын жүргізу керектігін айтты. 22 тамызда Қазақстан Үкіметі елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыру бойынша кешендік бағдарламаның басталуы туралы айтты.
Қазақстаннан келген соңғы жаңалықтарға сүйенсек, білім беру, қолжетімді баспана, агробизнес, моноқалаларды дамыту, ТКШ жаңғырту салаларындағы ірі мемлекеттік бағдарламаларға бірден әсер ету жүзеге асырылмайды. Бірақ, болашақты болжау өте қиын, себебі қиыншылықтар өскен сайын әлем жаһандық өзара байланыста күн кешеді. Алайда, ғылыми негізделген ел, яғни Қазақстан сияқты мемлекет жағымсыз әлемдік экономикалық трендтер мен ішкі әлеуметтік-экономикалық жағдайға төтеп бере алады.
-Биыл Қазақсатнда Мемлекет басшысының 5 институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша Ұлт жоспары-100 нақты қадам бағдарламасы қабылданды. Бұл құжат туралы пікіріңіз?
- Азаматтарға арналған «заманауи мемлекет құру» құру бойынша «100 нақты қадам» Мемлекет басшысының 5 институционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған. Бұл – мемлекеттік аппараттың жаңғыртылуы, заң әділдігін қамтамасыз ету, индустрияландырудың экономикалық өсімін қамту, азаматтық ұлттың қалыптасуы мен қазақстандық патриотизмді дамыту.
Бағдарламаны жүзеге асыру аясында шаралар әлемдік тәжірибе мен Қазақстанның жағдайының ғылыми бейімделуіне бағытталған.Аталмыш шаралардың жүзеге асуы бойынша Қазақстан әлемдіегі құқықтық және саяси жүйе бойынша тартымды елге айналады.
-Қазақстанның тәжірибесі ТМД елдеріне қаншалықты қызықты болуы мүмкін?
- Қазақстанның мемлекеттік құрылысының тәжірибесі өзге посткеңестік елдер үшін үлгі болып табылады. Бұл Ресейде неге сұранысқа аз екеніне таң қалуға болады. Ресейлік жағдайда қазақстандық азаматтық бірлікті қалыптастыру тәжірибесін қолдану заманауи Ресейді дамытуға септігін тигізер еді.
- Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәкелсіз Қазақстандағы қызметіне қандай баға бересіз?
- Мен тарихшы ретінде Қазақстанның мемлекеттік аппаратының кезеңі туралы Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлаудан білуге болады. Бұл уақыт ТМД елдерімен салыстарғанда аса көп емес, бірақ тарихи бекітілген. Мәселен, қырғыз мемлекеттілігінің 2200 жылдығы мен Ресейдегі Қазан қаласының 1000 жылдығы.
Н.Назарбаевтың жетекші қызметі Қазақстанның заманауи мемлекеттілігін қалыптастыру мен елді жаңғыртудағы еңбегі белгілі, ол әлемдік сарапшылар қауымдастығының бағасына да ие болды. Бұл орайда айтатыным, Нұрсұлтан Назарбаев саяси жағдайдың құрылысшысы ретінде өте тиімді қызмет атқаруда. Қазақстан халқына қызмет етуде Мемлекет басшысы көрегендік, салиқалы саясатты қолданылып отырғаны мәлім.
- Сұхбатыңызға рахмет
Данияр Қасымов
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады