• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да 2013 жылдың 8 айы бойынша қауіп-қатерді басқару жүйесінің тиімділігін қолдану 24 пайызға дейін көтерілген

ҚР-да 2013 жылдың 8 айы бойынша қауіп-қатерді басқару жүйесінің тиімділігін қолдану 24 пайызға дейін көтерілген

5 Қараша, 2013 10:24
ҚР-да 2013 жылдың 8 айы бойынша қауіп-қатерді басқару жүйесінің тиімділігін қолдану 24 пайызға дейін көтерілгендігн «B-news» агенттігінде онлайн конференция барысында ҚР Қаржы вице-министрі Руслан айтып өтті.

Р. Дәленов ҚР Үкіметі кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бөлігінде айтарлықтай жұмыс жүргізгенін хабарлады. Бүгінгі таңда электрондық декларациялауды енгізу, уәкілетті экономикалық операторлар институтын жетілдіру және тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыру, интеграцияланған кеден тарифін енгізу рәсімдерді оңайлатудың және әкімшілік тосқауылдарды алудың неғұрлым маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.

«Мәселен, автоматтандырылған жүйені қолданудан бастап 2010 жылы тексеру үлесі 30%–дан  2013 жылы 28,3%-ға дейін  төмендегені байқалды, ТБЖ қолдану тиімділігінің жалпы алғанда 2010 жылы 0,001%-дан 2013 жылғы 8 айдың қорытындылары бойынша 24,7%-ға дейін артуы байқалады»,- деп хабарламада нақтыланған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда кедендік әкімшілендіру халықаралық саудаға, фискалдық функцияны орындауға, құқық қорғау қызметін жүзеге асыруға және кеден шекараларынан өту кезінде рәсімдерді оңайлатуға және әкімшілік тосқауылдарды алуға ықпал етуге бағытталған. Барынша жоғары дәрежеде бизнестің және мемлекеттің мүдделерінің теңгерімі сақталатын кедендік бақылау жүйесін құру жоспарланып отыр. Жоғары экономикалық қызметтің жосықты қатысушыларына тауарларды шығарғаннан кейін бақылау жүргізу (пост кедендік бақылау) мүмкіндігімен өз жүктерін декларациялау кезіндегі кедендік бақылаудың барлық нысандарынан іс жүзінде оларды босата отырып, «барынша сенім» қағидатын қолдануға болады. Осындай тәсілде тауар айналымының және кеден төлемдері мен салықтар түсімдерінің ұлғаюы кедендік бақылауды күшейту есебінен емес, ерікті компаниялардың өсуі есебінен жүзеге асырылатын болады деп атап өтті Р.Дәленов.

Осыған, әзірше Кедендік тариф мөлшерлемелерін қолдану мен алудың  күрделілігі, кеден бекеттеріндегі инфрақұрылымдардың халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі, кедендік ресімдеу мен бақылау кезіндегі ақпараттық технологиялардың жетілдірілмеуі, шекарадан өтуге және кедендік тазарту үшін қажетті рұқсат құжаттар санының көп болуы, сондай-ақ кеден және салық органдарының өзара іс-қимылының жеткіліксіз болуы кедергі келтіруде.

Бұдан басқа, он-лайн конференциясы барысында вице-министр мемлекеттік бюджеттің атқарылуы, салықтық әкімшілендіруді жақсарту бойынша заңнамалық бастамашылық, жеке тұлғалардан мүлікке салынатын салықтар мен көлік құралдарына арналған салықтар, алкоголь заңнамасын қатаңдатуға бағытталған шаралар туралы айтты және қазақстандықтардың сұрақтарына жауап берді.

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар