- Басты
- Жаңалықтар
- «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында әскери бөлімнің құрылу күнін атап өтті (ФОТО)
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында әскери бөлімнің құрылу күнін атап өтті (ФОТО)
КСРО-ның құлдырауынан кейін бірінші командир болып бөлімнің құрылуына және сеніп тапсырылған техника мен қару-жарақтың сақталуына сүбелі үлес қосқан генерал-майор А. Мартынов тағайындалды.
Семей қаласының №1 әскери қалашығында өткен ғасырдың соңында 71-ші мотоатқыш дивизиясы құрылды. Құрама Карельдік, ал содан кейін 2-ші Беларустық майданға қатысты. Соңғы майдан құрамында дивизия Торуньдік құрметті атауға ие боллы. Осы құрамада Кеңес Одағының екі батыры тәрбиеленді. КСРО Қорғаныс министрінің директивасы негізінде 1989 жылы оқу-жаттығу орталығы 30217 әскери бөліміне айналды.
Қазіргі уақытта 30217 әскери бөлімінің командирі полковник Рәшид Османов болып табылады. Жақын арада бөлімге мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің жас толымы келді. Олардың жайлы сезінуі үшін казармалар жөнделіп, әскери қызметшілердің тұратын орындары тұрмыста қажетті барлық керек-жарақпен жабдықталды.
Одан басқа, әскери бөлімде жас ұрпақпен, шақырылуға дейінгі жастармен байланыс та орнатылған. Әскери қызметшілер Жауынгерлік даңқ мұражайымен бірлесіп Радиотехника, ақпарат және байланыс колледжінің шәкірттерімен «Жас жауынгер» күнін өткізді. Студенттер мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің тұрып жатқан жерлерін, ашық аспан аясында әскери техника мұражайын көрді, оларға арнап атыс даярлығы (АК-74 автоматын ішінара бөлшектеу және құрастыру), атыс даярлығы және РХБҚ бойынша көрсетілімді сабақтар өткізілді. Аталған іс-шара аяқталысымен шақырылуға дейінгі жастардан дене даярлығы бойынша сынақ қабылданды. Бұл сынақта біршамасы жақсы нәтиже көрсете білді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
Карантин жағдайында Құрбан айт қалай атап өтіледі -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселері қандай шаралар өткізіп жүр