СҚО диханшылары 5,5 млн тоннадан астам астық жинады – әкімдік

14 Қараша, 2015 15:58
Ағымдағы жылы Солтүстік Қазақстан облысының диханшылары орташа түсім гектарынын 17,4 центнер болған жағдайда 5,5 млн тоннадан астам астық жинады, деп хабарлады әкімдік.

Үстiмiздегi жылы диқандар мол өнiм жинады, орташа гектар берекелiлiгi 17,4 центнерден айналып, 5,5 млн. тоннадан артық астық жиналды.

Ең жоғары түсiм Қызылжар ауданында гектарынан 19,4 центнер болды. Екiншi орында Мағжан Жұмабаев ауданы және үшiншi орында Аққайың ауданы.

Облыста астық түсiмі бойынша ең үздiк нәтиже Қызылжар ауданындағы «Якорь СК» ЖШС-да, шаруақожалығы гектарынан  орташа есеппен 35 центнерден астық жинаған.  

Айта кетерлік жайт, диқандардық кәсіби мерекелеріне орай ұзақ жылғы адал еңбегi, облыстың агроөнеркәсiптiк кешенiн дамытуға қосқан зор үлесi үшiн СҚО әкiмiнiң құрмет грамотасымен 13, алғыс хаттармен 12 қызметкер марапатталды.

«Бүгiн бiз облыстың азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етiп, өсiмдiк, мал шаруашылығын дамытумен айналысып жатқан ауыл шаруашылығы саласы еңбеккерлерiнiң мерекесiн атап өтудемiз. Үстiмiздегi жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев институционалды реформаларды iске асыру үшiн 100 нақты қадамды айқындады. 100 қадам — ұлттың дамыған отыз елдiң қатарына кiру жоспары. Осы жоспарды орындау барысында ауылшаруашылығы еңбеккерлерiне ерекше мiндет қойылып отыр», — дедi Ерiк  Сұлтанов.

Барлық жаңалықтар