• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада ЕАЭО елдерінде зияткерлік меншік құқығымен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Астанада ЕАЭО елдерінде зияткерлік меншік құқығымен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

14 Қараша, 2015 15:13
Астанада ЕЭК экономика және қаржы саясаты бойынша Коллегия (министр) мүшесі Тимур Сүлейменовтың төрағалығымен Зияткерлік меншік бойынша кеңес беру комитетінің 6-шы отырысы өтті. Онда сала мамандары зияткерлік меншік саласындағы халықаралық жобалар бойынша келісім жасасу проблемалары талқыланды, деп хабарлады комиссия.

Келелі кеңеске ЕАЭО-ның мемлекеттік және бизнес қауымдастықтарынан Кеңес беру комиетінің мүшелері, Еуразиялық экономикалық комиссияның мүшелері қатысты.

Тауар белгілері, қызмет белгілері және ЕАЭО тауарларының шыққан жерінің атауы туралы келісімді, Кедендік одақ мүшелерінің 2014 жылдың 10 мамырындағы Зияткерлік меншік нысандарының бірыңғай реестрі тіралы келісімге өзгертулер енгізу туралы хаттаманы орындау барысында мемлекетішілік процедураларда туындайтын проблемалар талқыланып, нақты ұсыныстар берілді.

Алқа мәжілісінде жасақталған ұсыныстар одаққа мүше ммелекеттерге аталмыш саладағы зияткерлік меншікті қорғау және сақтау бойынша жұмыстарды жандандыра түсуге көмектесетін болады. 

Барлық жаңалықтар