- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда Қазақстандағы демографиялық процесстердің мәселесі талқыланды
Алматыда Қазақстандағы демографиялық процесстердің мәселесі талқыланды
Келелі кеңесте Қазақстан Республикасындағы демографиялық процесстер және оны заңнамалық қамтамасыз ету шаралары талқыланды.
Басқосуды ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, ХДАПФ вице-төрайымы Айткүл Самақова жүргізді. Екікүндік халықаралық конференцияда Қазақстанның демографиялық жағдайы мен оны заңнамалық қамтамасыз ету шаралары туралы айтылд.
«Күн тәртібіне Қазақстандағы демографиялық саясатты қойдық. Елбасының Жолдауында бұл мәселеге үлкен көңіл бөлінді. Сол себепті бұл тақырып Әлеуметтік кеңес отырысының жоспарында тұр. Елбасы 2020 жылға қарай Қазақстанда адам санын 20 миллионға жетуі керек деген тапсырма берді. Қазіргі кезде елімізде 17,4 млн адам тұрады. Біз қазір ұсыныс дайындап жатырмыз, оның жобасы қабылданды, оған қосып-алынатын ұсыныстар мен пікірлерді есепке ала отырып жетілдіріп жатырмыз, содан кейін шараларды қабылдау үшін үкіметке және премьер-министрге жібереміз. Қазіргі кезде демографиялық мәселелермен кімнің айналысып жатқанын ешкім білмейді. Кезінде онымен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі айналысқан, бүгінде тіпті ондай министрлік жоқ, ұлттық экономика министрлігі бар. Ондағы бір департамент оны көп мәселелердің бірі ретінде қарайды. Осы мәселелердің басын біріктіретін ұйымдар да жоқ. Шындығында, Статистика комитетінің ішінде демографиямен айналысатын орталық ашуға болар еді. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі басқа жұмыстармен, Ішкі істер министрлігі тек миграциялық саясатпен ғана айналысады. Енді біреулер тағы да басқа мәселелермен айналысады. Ал осы мәселелерді біріктіріп, тұтастай қарайтын мекеме жоқ. Менің ойымша, бұл өте салмақты мәселені дұрыс қарап жатырмыз. Бұл мәселені біз екінші рет көтеріп отырмыз, қалай болғанда да оны үкімет шешуі тиіс», – деді Мәжіліс депутаты, ХДАПФ вице-төрайымы Айткүл Самақова ісалиқалы басқосуда.
Жалпы, 2015 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша Қазақстан халқы бүгінде 17,4 млн адамды құрайды. Әрбір мың еркекке 1070 әйелден келеді. Соңғы жылдары бала туылуы бір қалыпты. Бұл көрсеткіш жыл сайын 2,3 пайызға өсіп келеді. Халықтың өлім-жітімі, соның ішінде ана мен балалардың өлімі азайды. Адам өмірі ұзарды, әйел мен ер адамдардың өмір ұзақтығындағы айырмашылық қысқарды. Еліміздегі демографиялық жағдайға миграциялық процестер де әсер етуде.
Тәуелсіздік алған 24 жылда тарихи отанына бір миллионға жуық қазақтар оралды, бұл еліміздің жалпы халық санының 5,5 пайызын құрайды. Соңғы бес жылдың ішінде елімізге келген жоғары білімі бар мигранттар екі еседен асты. Ажырасқан отбасылардың саны да біршама азайды. Осының барлығы елдегі миграциялық жағдайға әсер етеді.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты