ОҚО-да пилоттық смарт-жобалар іске қосылады

14 Қараша, 2015 13:28
«Транстелеком» АҚ және Оңтүтік-Қазақстан облысының Әкімдігі арасында аймақта пилоттық смарт-жобаларды іске қосу туралы келісімге қол жеткізілді, деп әкімдіктен хабарлады.

Шымкентте «Транстелеком» АҚ Президенті Дәурен Пшембаевтың Оңтүстік-Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұловпен жұмыс кездесуі өтті.

Кеңеске Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірәхимов, Оңтүстік-Қазақстан облысы әкімдігінің және «Транстелеком» АҚ уәкілдері қатысты.  Кездесу барысында қатысушылар «смарт» технологиялардың даму мүмкіндіктерін, сондай-ақ аймақта байланыс каналдарын жаңартуды талқылады.

Облыс әкімі Б.Атамқұлов Шымкентте смарт-технологияларды енгізу бойынша жұмыстар ақырындап жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Бұған қоса, ол аймаққа ақпараттық жүйелер мен телекоммуникациялық қызметтерді құру бойынша көп жылдық тәжірибесі бар ірі байланыс операторын тарту қажет екенін түсіндірді.

«Транстелеком» АҚ Президенті Пшембаев Дәурен, өз кезегінде, «бірнеше күн бұрын, 9 қарашада, компания жұмысына 16 жыл толғанын және бүгінгі күні компанияның үлкен қалаларды да, сонымен қоса ең шалғай аймақтарды да байланыстыратын телефон байланысының ірі тармақталған желісі бар екенін атап айтты. Компания Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін және ірі инновациялық АТ-жобаларды іске асырады».

Кездесу қорытындылары бойынша, тараптар Шымкент қаласында «Smart мектеп», «Smart емхана», «Smart көше жарығы» және т.б. сияқты бірқатар пилоттық смарт-жобаларды іске қосу туралы келісімге қол жеткізді. Кездесу қатысушылары айтып өткендей, Оңтүстік-Қазақстан облысында смарт-бастамаларды бұдан әрі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік моделі бойынша ауқымдандыру жоспарланып отыр. 

Барлық жаңалықтар