ШҚО-да Бұхтырма суқоймасы арқылы өтетін ұзындығы 1300 метр көпір салынады

14 Қараша, 2015 12:07
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Күршім ауданында Бұхтырма суқоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы үшін таңдалып алынған алаңды аралады және аудандағы агроөндірістік кешен мен балық өндірісінің бірқатар нысандарын жұмысымен танысты, деп хабарлады әкімдік.

Өңір басшысының Күршім ауданына сапары Бұхтырма суқоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы үшін таңдалып алынған алаңды аралаудан басталды. Жоба бойынша көпірдің ұзындығы 1300 метр және екі жолақты болып келеді. Ол Күйген ауылының маңында бой көтеретін болады.

«Күршім ауданының басты проблемаларының бірі - көпір. Бүгінде ұзындығы 1300 метр көпірді салу арзан дүние емес. Барлық шығындар есептелген, ТЭН дайындалды. ҚР Ұлттық экономика министрлігімен жұмыстанр жүргізілуде. Бұл бірінші бағыт, екіншісі қаржы иснтитуттары арқылы несиелендіру. Мысалы, ЕҚҚДБ.  Үшінші бағыт концессияға өткізу. Бұл тиімді жолдардың бірі», - деді аймақ басшысы.

Содай соң, облыс әкімі Бұхтырма уылдырық шашатын-өсіретін шаруашылықпен және Күршім балық зауытының тынысымен танысты. Ол Зайсан өзенін балықтандыруды арттыру қажеттілігін атап өтіп, аудан әкіміне тиісінше тапсырмалар берді.

Бұдан кейін, Д.Ахметов 50 басқа есептелініп салынып жатқан сүт-тауарлы фермасымен танысты. 

Барлық жаңалықтар