ИИДМБ: Мыңарал цемент зауыты толық өндірістік қуаттылығына көшті

14 Қараша, 2015 11:36
Жамбыл облысы әкімі Кәрім Көкрекбаев Мойынқұм ауданына жұмыс сапармен барды және өңірдің экономикалық, әлеуметтік дамуымен танысты, деп әкімдіктен хабарлады.

Облыс басшысы алдымен Мыңарал балық зауытында болды. Жоба құны 600,0 млн.теңгені , ал өндіріс қуаттылығы жылына 1,5 мың тоннаны құрайды. Зауыт үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы арқылы салынған.

Өңір басшысы одан соң Мыңарал цемент зауытының жұмысымен танысты. Бүгінде зауыт толық өндірістік қуаттылыққа ие. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы арқылы ашылған. Кәсіпорынның 236 адам жұмыс істейді. Орта Азиядағы ірі зауыттардың бірі болып саналатын бұл жобаның қуаттылығы жылына 1200 мың тонна цемент, ал ағымдағы жылдың 10 айында 1258,8мың тонна цемент өндірген.

Облыс әкімі кәсіпорын басшылығына жұмыс орнын сақтау, қазақстандық үлес, жалақыны уақытында төлеу, өндірілетін өнім көлемін төмендетпеу мәселелерін үнемі назарда ұстау қажеттілігін ескертті.

Сонымен бірге Кәрім Көкрекбаев бірқатар әлеуметтік нысандарда да болды. Шығанақ ауылындағы құрылысы жүріп жатқан 140 орындық балабақша мен танысты халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Аталған ХҚКО мемлекеттік қызметтің 155 түрін көрсетеді.

Жұмыс сапары барысында облыс басшысы «Хантау» цемент зауытында болды. Өндіріс қуаттылығы жылына 500 мың тонна цементті құрайды. Тағы айта кетерлігі, зауыт 8,3 млрд. теңгеге заманауи технологиялармен жабдықталған.

Аймақ басшысының жұмыс сапары әкім Мойынқұм ауданына жұмыс сапары актив жиналысымен қорытындыланды. Жиналыста ауданның 10 айдағы әлеуметтік және экономикалық даму қорытындысы мен ағымдағы жылдағы қойылған міндеттер қарастырылды.

Барлық жаңалықтар