- Басты
- Жаңалықтар
- Шардаралық диқандар ағымдағы жылы 32400 тонна ақ ұлпа жинап алды – әкімдік
Шардаралық диқандар ағымдағы жылы 32400 тонна ақ ұлпа жинап алды – әкімдік
Естеріңізге сала кетейік, аудан бойынша 11972 гектар алқапқа мақта егілді. Уақтылы баптап, дұрыс күтім жасағанның арқасында «ақ алтынның» әр гектардан түсімділігі 27,1 центнерді құрады.
Айта кетейік, аудан мақташыларының биылғы көрсеткіші өткен жылғыдан 10 центнерге артып отыр.
Мұндай жоғары өнімділікке облыс бойынша шардаралық мақташылардың ғана қолдары жетіп отыр. Соның нәтижесінде кешегі өткен облыстық «Алтын күз» мерекесінде Шардара ауданы «мақта өндіруден озат аудан» аталымы бойынша бірінші орынды жеңіп алды. 76900 гектар алқапқа шитті дән егіп, 203 мың тоннадан астам «ақ алтын» жиған мақтаралдықтар гектар түсімділігі бойынша 26,4 центнермен екінші орынға шықса, 4 мың гектар жерге мақта егіп, 10 мың тонна (гектар түсімділігі - 26,3 центнер) ақ ұлпа жиған Түркістан қаласы үшінші орынды иемденді.
Шардара ауданында шитті мақта өсірумен шұғылданатын шаруашылықтар ішінде «Иіржарагро» ЖШС-і алдыңғы орында келеді. Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдер бойынша мақта өсірумен айналысып келе жатқан серіктестік диқандары 190 гектарға шит егіп, әр гектарынан 50 центнерден өнім алды. Ал жеке қожалықтар арасында «Жәнібек» шаруа қожалығы 15 гектар мақта алқабынан гектарына 64,5 центнер түсімділікпен мақта терсе, «Тоқай» шаруа қожалығындағы 8,2 гектар жерден 55,6 центнерден өнім алынды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды