Ақмола облысында газ-түтіннен қорғау қызметі ашылды (ФОТО)

14 Қараша, 2015 10:02
Ақмола облысы Жақсы ауданының №13 өртке қарсы бөлімде газ-түтіннен қорғау қызметі ашылды, деп хабарлады облыстық ІСБ жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы».

Ақмола облысы ТЖД өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы М. Нұртазин хабарлағандай, аудандық бөлімшелерде газ-түтіннен қорғайтын бекеттерді ашу өрт сөндіруішлердің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, оның тиімділігін арттырады, құртқарылғандар санын көбейтеді.  Жасыратыны жоқ, кейде қатты түтін  құтқару барысында шешуші факторға айналып кетеді.

Жақсы ауданы әкімінің орынбасары  Л. Сейдахметова  атап өткендей, ауданымыздың тұрғындары өрттің қандай зардаптар әкелетінін жіті түсінеді және осы қамқорлықты жоғары бағалайды. Сонымен қатар, ол өрт сөндірушілерге қызмет барысында табыс тіледі.

Лентаны кесу рәсімінен кейін барлық қатысушыларға өрт сөндіру бөлімі бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Оларға өрт сөндірудің арнайы құралдары таныстырылды. 

Барлық жаңалықтар