- Басты
- Жаңалықтар
- Атырау гарнизонының әскери қызметшілері үшін жаңа қарауылдық үй-жай салынды (ФОТО)
Атырау гарнизонының әскери қызметшілері үшін жаңа қарауылдық үй-жай салынды (ФОТО)
Қарауылдағы әскери қызметшіге ұдайы әзірлікте болуға тура келеді. Жарғыға сәйкес бастық пен оның көмекшісін есептемегенде, қарауылдың жеке құрамына қарауылдық үй-жайға келген адамдармен сөйлесуге тыйым салынады, қарауылды тексеретін адамдардың сұрақтарына жауап беруге ғана рұқсат етіледі. Қызықты бір жәйт, әскери қызметшілерге 4 сағатқа жағаны, белдікті босатып, керек-жарақты алмай және шешінбей ұйықтауға рұқсат беріледі.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының 41433 әскери бөлімінде қарауыл атқаратын әскери қызметшілерге қолайлы жағдай жасалды. Аумағы 10-да 8 шаршы метр жаңа қарауылдық үй-жай 7 бөлмеден тұрады: қарауыл бастығы, оператор, демалыс бөлмесі және қарауыл ауысымы бөлмесі, асхана, дәретхана, су сепкі бөлмесі және ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Ішкі қызмет жарғысының барлық талаптарына жауап береді. Әскери қызметшілердің демалуы үшін қарауылдық үй-жайда дойбы, шахмат, әуен орталығы және теледидар, газет-журнал, сондай-ақ қарауылдық қызметті өткеру ережелерінің көрнекі бейнеленуі бар картиналар немесе плакаттар бар.
Салтанатты ашылу рәсіміне «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Дәулет Оспанов қатысты. Ол 41433 әскери бөлімінің жеке құрамын құттықтап, аудандық пайдалану бөлімінің бастығы майор Марат Жұмашевқа алғысын білдірді және жеке құрамды грамотамен марапаттады.
Айта өтейік, қарауылдық қызмет әскери және мемлекеттік объектілерді күзету үшін жауынгерлік туларды, қаруы, жауынгерлік және өзге де техникасы, оқ-дәрілері мен басқа да мүлкі бар сақтау орындарын сенімді күзету мен қорғау үшін арналғанын айта кетейік. Қарауыл құрамынан қарауыл бастығының рұқсатынсыз қарауылдық үй-жайды қалдыруға ешкімнің құқығы жоқ.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер