- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сағынтаев мемлекет қаражаты есебінен тұрғын үйді уақытылы енгізуді қамтамасыз етуді тапсырды
Б.Сағынтаев мемлекет қаражаты есебінен тұрғын үйді уақытылы енгізуді қамтамасыз етуді тапсырды
Кеңес жұмысына мемелекеттік органдар, «Нұр Отан» партиясы, депутат корпусы, «Бәйтерек» холдингі, жергілікті атқарушы органдар өкілдері қатысты.
2015 жылы қаржыландырудың барлық көздері арқылы жалпы ауданы 7,1 млн шаршы метр болатын тұрғын үйді енгізу қарастырылған. Қазіргі таңда 7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Тұрғын үй құрылысына 586,6 млрд теңге инвестиция бағытталған.
Республикалық бюджет және Ұлттық қор қаражаты есебінен, атап айтқанда, жергілікті атқарушы органдардың кезектегі адамдарына (ағымдағы жылдың басынан бері 86 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді), жас отбасыларға арналған арендалық тұрғын үй (57,4 мың шаршы метр), тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй (118,4 ымң шаршы метр), «Қазақстандық ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ (ҚИК) желісі бойынша құрылыс жүргізілуде.
Бұдан өзге, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайтуға «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру да бағытталған. 2015-2016 жылдары Ұлттық қордың қаражаты есебінен 180 млрд теңге көлемінде тұрғын үй құрылысын және қажетті инженерлік инфрақұрылымды тартуды қосымша қаржыландыру жүзеге асырылады.
Кеңес қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне 2015 жылы мемлекет қаражаты есебінен тұрғын үйді енгізудің жоспарланған көлемін қамтамасыз етуді, салынған және сатып алынған пәтерлерді үлестіру үшін кезектегілердің арасынан тізімді уақытылы жасауды, сондай-ақ тұрғын үй құрылыс нысандарына қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды тартуды жеделдетуді тапсырды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары