- Басты
- Жаңалықтар
- А.Мурадов: Қазақстан халқы Ассамблеясы жергілікті полиция қызметін бағалауға қатысады
А.Мурадов: Қазақстан халқы Ассамблеясы жергілікті полиция қызметін бағалауға қатысады
«Кеше өткен медиа форум – Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы, ҚХА-ның 20 жылдығында Президент қойған міндеттерді орындау бойынша жұмыстар жоспарын жүзеге асырудың бір қадамы. Осыған орай, ең маңызды шаралар қатарында – «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңға түзетулер, өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі бар. Осыған байланысты ұсынылған «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясымен «ҚХА туралы» заң өзгертілмек. Енді идея Ассамблеяның барлық мүшелеріне бағдарлама ретінде қабылданбақ. Президент айтқандай, Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздің бүкіл халқы, яғни, 17 млн азамат. Заңға енгізілген өзгеріске сәйкес, ҚХА сессиясының шешімін бүкіл билік органдары, Ассамблея мүшелері, ҚХА кеңесінің мүшелері – облыс әкімдері, бірқатар мемлекеттік орган басшылары орындауға міндетті. Сондай-ақ, заңға Ассамблея басшысы – Президент, Ұлт көшбасшысына ҚХА-ның өткен сессиясында қойылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша жыл сайын есеп беру туралы өзгеріс енгізілді. Заңды Сенат қабылдады, жақында қол қойылады», - дейді Мәжіліс депутаты.
Атап өтсек, кеше елордадағы «Қазмедиа орталығында» Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім мәдениеті» II Халықаралық медиа форумы өтті. Оған ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың ресми тұлғалары, республикалық және өңірлік БАҚ пен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Қытай, БАӘ, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Әзірбайжан, Латвиядан келген сарапшылар, масс-медиа саласындағы отандық сарапшылар, Қазақстанда тіркелген шетелдік журналистер қатысты.
Медиа форум аясында күннің бірінші жартысында БАҚ-ты, блог саласын дамытудың өзекті мәселелері бойынша және жетекші отандық және шетелдік спикерлердің шеберлік сабақтары болатын үш панельдік сессия, этномәдени бірлестіктер БАҚ-тарының көрмесі мен «ҚХА жылы» фото көрмесі өтті. Сондай-ақ, «ҚХА 20 жыл. Бір ел – бір тағдыр» жинағы таныстырылды. Форумның пленарлық сессиясы да ұйымдастырылды. Форум жұмысы интереактивті талқылау түріндегі «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы масс-медиа рөлі» брифинг сессиясымен жалғасты.
Форум аясында «Шаңырақ» шығармашылық конкурсының қорытындысы шығарылып, үздік журналистер марапатталды. Байқауда астаналық және еліміздің түрлі өңірлерінен келген теле, радио журналистер, газет пен ақпараттық агенттік тілшілері жүлделі болды. Сондай-ақ, БАҚ өкілдеріне медальдар мен алғысхаттар табысталды.
Форумның мақсаты – қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту мен дамыту, отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін талқылау, Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік қазақстандық моделін насихаттап, тарату.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты