- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада көру қабілеті бұзылған 300-ге жуық адам инватакси қызметін пайдалануда
Астанада көру қабілеті бұзылған 300-ге жуық адам инватакси қызметін пайдалануда
Қазіргі таңда Астанада мүмкіндігі шектеулі 12 585 адам тіркелген, олардың арасында көру органдарының қызметі бұзылған адамдар да бар. Ондай азаматтардың бір бөлігі «Қазақ зағиптар қоғамы» ҚБ астаналық филиалынан көмек сұрайды. Қазір қоғамдағылардың қамқорлығында 450 адам бар, олардың 65 пайызынан астамы егде жастағылар болып табылады.
Астанада мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арнап қалада қолайлы орта құру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Көшелердің қиылыстары мен көшелерде дыбыстық сингалдары бар бағдаршамдар қолданылады, олар көздері нашар көретін адамдардың жолдан өтуіне көмектеседі.
Жолдан өту қолайлы болуы үшін көру қабілеті бойынша І топтағы 294 мүгедек жан инватакси қызметін пайдаланады. Бұдан бөлек, Астанада былтырғы жылдан бастап № 23 балабақша негізінде нашар көретін және мүлдем көрмейтін зағип балалар үшін арнайы топ жұмыс жасайды. Қазір топта алты бала бар, олармен білікті тәрбиешілер, дефектологтар, логопедтер және тифлогопедагогтер жұмыс жасайды.
Көру қабілеттерін бұзылған азаматтарды мүмкіндігінше көбірек жұмысқа тарту үшін білім беруге көп көңіл бөлінеді. Астанада медициналық колледжде бике ісін оқыту бойынша пилоттық жоба іске қосылды, оған көру қабілеті бойынша 16 мүгедек жан түсті.
Көру қабілеттері бұзылған адамдар «Қазақстан зағиптар қоғамы» ҚБ астаналық филиалына 44-95-26 телефоны бойынша хабарласа алатынын естеріңізге саламыз.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді