• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада жыл басынан бері өнеркәсіп өнімінің көлемі 229,4 млрд теңгені құрады

Астанада жыл басынан бері өнеркәсіп өнімінің көлемі 229,4 млрд теңгені құрады

13 Қараша, 2015 18:09
2015 жылғы қаңтар-қазанда өнеркәсіп өнімінің көлемі (тауарлар, қызметтер) 229,4 млрд. теңгені құрады, 2014 жылғы қаңтар-қазандағы деңгейге қатысты алғанда 2015 жылғы қаңтар-қазанда өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 105,7% болды, деп хабарлады ҰЭМ қалалық статистика департаменті.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өнімнің нақты көлемі 2014 жылғы қаңтар-қазандағы деңгеймен салыстырғанда 6,0%-ға өсті және қолданыстағы бағамен 180,7 млрд. теңгені құрады.

 Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің өсуі металлургия өнеркәсібінің, жиһаздан басқа ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды өндіру; сабаннан және өруге арналған материалдан жасалған бұйымдар өндірісінде байқалады. 

Тамақ өнімдері өндірісінде нақты көлем индексі 94,1%-ды құрады. 2014 жылғы қаңтар- қазандағы деңгеймен салыстырғанда шұжық өнімдерін өндіру 20,5%-ға қысқарды. Сонымен қатар, макарон өнімдерін өндіру 11,1%-ға өсті.

Құрылыс индустриясы кәсіпорындарымен цементтен, бетоннан немесе жасанды тастан жасалған тақтайшалар, тақталар, кірпіштер және ұқсас бұйымдар (117%), тауарлы бетон (116,2%) өндірісінің өсімі қамтамасыз етілді. Машина жасауда өнімнің нақты көлемінің төмендеуі негізінен өзге де көлік құралдарын шығарудың қысқаруына қатысты (57,2%) орын алды.

Барлық жаңалықтар