• Басты
  • Жаңалықтар
  • В.Решетов: Қазақстан халқы Ассамблеясының тәжірибесі қазіргі кезеңде үлкен тәрбиелік мәнге ие

В.Решетов: Қазақстан халқы Ассамблеясының тәжірибесі қазіргі кезеңде үлкен тәрбиелік мәнге ие

13 Қараша, 2015 15:49
Қазақстан халқы Ассамблеясының тәжірибесі қазіргі кезеңде үлкен тәрбиелік мәнге ие, деді ОКҚ-да «Вести сегодня» шолушысы Владимир Решетов.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының тәжірибесі заманауи заманда  үлкен тәрбиелік мәнге ие, ол этникаралық проблемаларды шешуде маңызды рөл атқарады. Қазақстанда көп жылдар бойы жалпыұлттық қоғамдағы жағдайларға сараптама жүргізілді», - деді сарапшы.

Оның айтуынша, Латвияда ауқымы аз болса да, көпұлтты мемлекет болып есептеледі. Бүгінде Латвияда ҚХА сынды құрылымдар жоқ.

«Бізде Латвияда салмақты этникаралық байланыс. Бірақ, ол аз уақыттың ішінде өзгеріп кетуі мүмкін. Сондықтан да, Қазақстанда 20 жыл бойы мұндай институт құрылғаны тамаша тәжірибе», - деді ол.

Айта кетейік, бүгін Астанада «Бейбітшілік пен келісім мәдениеті» Қазақстан халқы Ассамблеясының II Халықаралық медиа форумы өтті. Шара барысында үш панельдік сессия БАҚ, блог саласының өзекті мәселелері бойынша ұйымдастырылып, отандық және шетелдік спикерлердің қатысуымен шеберлік сыныптары өтті.Сондай-ақ, форум аясында «ҚХА-ға 20 жыл – Бір ел-бір тағдыр» жинағы таныстырылып, «Шаңырақ» журналистика шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

 

 

Барлық жаңалықтар