- Басты
- Жаңалықтар
- Қазатомөнеркәсіптің 10 еншілес кәсіпорын кеңсесі Алматыдан уран өндірілетін аймақтарға қоныс аударды
Қазатомөнеркәсіптің 10 еншілес кәсіпорын кеңсесі Алматыдан уран өндірілетін аймақтарға қоныс аударды
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 10 еншілес және тәуелді кісіпорыны өз әкімшілік кеңселерін Алматыдан уран өндірісі жүргізілетін – Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарына көшіру шарасын аяқтады.
Қызылорда облысына іссапармен барған атом компаниясының басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев кеңселердің өндіріс ошақтары орналасқан аймақтарға көшірілуі Елбасының тапсырмасымен, өндірістік процесстерді бақылауды күшейту, кәсіпорындардың экономикалық көрсеткіштерін жақсарту және аймақтарды дамытуды көздейтін трансформация бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылуда, деп атап өтті.
Шымкентке 6 кәсіпорынның орталық аппараты қоныстанса, Қызылорда қаласына 4 кеңсе тұрақтады. Кәсіпорындар басшылығымен ұжымдардың оңтүстік аймақтарға сәтті көшірілуіне барлық жағдай жасалды. Соның арқасында кәсіпорындар жоғары білікті мамандарын сақтап қалды.
Асқар Жұмағалиев Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевпен кездесу барысында кеңселерді көшіруді ұйымдастыруға атсалысқаны үшін аймақ басшысына алғыс айтты.
Кәсіпорындар бас кеңселерінің Шымкент және Қызылордаға көшірілуі, аталған аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлесін қосады, нақты айтқанда – жаңа өндірістер мен жұмыс орындары ашылып, жергілікті бюджетке кіріс артады.
Сондай-ақ, аталған шаралар еншілес кәсіпорындардың әкімшілік шығындарын қысқарту арқасында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметін оңтайландырып, тиімділігін арттыруға да септігін тигізеді.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
«Арыстан» мамандандырылған лицейіне 10 жыл толды -
ІІМ: Балалар қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі, жол ережесі және "Police 102" мобильді қосымшасы -
COVID-19: Вакцина вирустан 100% қорғай ма -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Елордада Салтанат Рақымбекова атындағы аллеяға 110 түп ағаш отырғызылды