• Басты
  • Взводтардың жауынгерлік оқ атулары бойынша үздік бөлімшелері анықталды (ФОТО)
13 Қараша, 2015 20:43

Взводтардың жауынгерлік оқ атулары бойынша үздік бөлімшелері анықталды (ФОТО)

ҚР Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлерінде взводтардың үйлесуі аяқталды. Әскери қызметшілер далада взводтардың жауынгерлік оқ атуларын өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Взводтардың жауынгерлік оқ атулары бойынша үздік бөлімшелері анықталды (ФОТО)

Осы атыстардың нәтижелері оқытудың алдыңғы 10 айы бойынша оқыту тиімділігінің шынайы көрсеткіші болды. Мотоатқыш взводтардың арасында 85395 әскери бөлімінің (взвод командирі аға лейтенант Азамат Әуелбеков) және 35748 әскери бөлімінің әскери қызметшсі (взвод командирі аға лейтенант Асхат Ыбыраев) үздік нәтиже көрсетті.

Танкті взводтар арасында 85395 әскери бөлімінің (взвод командирі аға лейтенант Асхат Файзулин) және 35748 әскери бөлімінің жауынгерлері (взвод командирі аға лейтенант Жанат Жахин) үздік атанды. Ал десанттық-шабуылдау взводтары арасында 18404 әскери бөлімінің әскери қызметшілері (взвод командирлері лейтенант Нұржас Ермекбай мен аға лейтенант Асылбек Бектеміров) үздік нәтиже көрсетті. Жауынгерлік даярлық бағдарламасының келесі бөлімі роталардың үйлесуі.

Ол анағұрлым ауқымды жауынгерлік тапсырмаларды орындауға әскерлердің қаншалықты әзір екенін көрсетуі тиіс. Қазіргі заманғы талаптарға сәйкес әскерлерді даярлау жетістіктерімен бірге взводтардың жауынгерлік оқ атулары барлық дәрежедегі командирлерге ерекше назар аударуды шоғырландыру  қажет бағыттарды көрсетті.   Ең алдымен, ол жеке құрамды басқару кезінде сержанттар құрамының кәсіби құзыреттілігін арттыру. Жауынгерлік графикалық құжаттары бар взвод командирлерінің жұмыс жасау машығын жетілдіру қажет.

Және ең бастысы, барлық лауазымды адамдардың күш-жігері Отан қорғаушысы деп аталатын күрделі кәсіптің негізгі құрамдасы болып табылатын жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру мен өткізуге бағытталуы тиіс. Мамандық бойынша дайындау және бөлімшелердің жауынгерлік оқ атулардан взводтардың жауынгерлік оқ атуларының ерекшелігі барлық жеке құрамның, бөлімше командирлерінің, механик-жүргізушілердің, көздеуші-операторлар мен атқыштардың іс-қимылының келісілгенділік қажеттілігі болып табылады.

Оқ атулар барысында взвод штаттық жауынгерлік техникада бастапқы пункттен жылжиды, белгіленген шептерде жауынгерлік тәртіпке өрістетіледі, ал содан кейін «жауынгерлік торапты» мықты ұстап тұрып, белгіленген уақытта атысты бастау шебіне шығады және жауынгерлік машиналардың қару-жарағынан, атыс қаруынан болсын барлық нысаналарды жоюы тиіс. Тактикалық немесе атыстық нормативтердің бірін орындамаған жағдайда взводтың бағасы төмендетіледі.  

 

Барлық жаңалықтар