- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылы 20-дан астам мемлекеттік қызметті азаматтық секторға өткізу жоспарлануда
2016 жылы 20-дан астам мемлекеттік қызметті азаматтық секторға өткізу жоспарлануда
Мемлекеттік қызметті азаматтық секторға өткізу шын мәнінде барлық міндеттемелерді жеке секторға өткізу болып табылады. Күтіліп отырғандай, бұл қадам арқылы мемлекеттік қызмет көрсету шығыны азайып, тиімділігі артады.
Оның айтуынша, бүгінде азаматтық секторға мемлекеттік қызметті өткізу бойынша бірнеше механизм қарастырылуда.
«Осындай тексерістен өткен механизмдердің бірі – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс. Механизмді өткізудің негізгі мәселесі: көрсетілген мемлекеттік қызмет қалай қаржыландырылады, аталмыш қаржыландырудың тәртібі. Егер гранттар туралы заң күшіне енетін болса, олар сол мемлекеттік гранттар болуы мүмкін», - деп түсіндірді ол.
Д. Терешкевич осы ретте атап өткендей, қыржыландыру көлемі қандай болады деген сұрақ туындайды.
«Бүгінде біз көрсетіліп отырған мемлекеттік қызметтер мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатынын айтып отырмыз. Ендігі мәселе мемлекеттік мекемені қаржыландыруға кетіп отырған қаржыны жеке секторға қалай ауыстыру. Бізде қоғамдық ұйымдарды тіркеу бойынша үш отырыс өтті. Яғни, мемлекеттік қызметті көрсеткісі келетін қоғамдық ұйым арнайы тіркеуден өтуі тиіс. Тіркеуден өту үшін арнайы талаптар орындалуы шарт. Осы шарттарға біз құзыреттілік пен стратегияның болуын жатқызамыз», - деп сендірді ол.
Д. Терешкевича айтуынша, бүгінде азаматтық сектор 23 қызметті іріктеп алды, әр қызмет жеке көрсетілуі тиіс, сондықтан әлеуметтік секторда талқылау керек.
«Бүгінде біз әр мемлекеттік орган осы мәселелерді өздерінің құзыреттілігі бойынша таратып алып, жіті сараптамадан өткізгенін талап етіп отырмыз. Біз 23 қызметті іріктеп алдық, алайда әр қызмет жеке көрсетілуі тиіс, сондықтан әлеуметтік секторда талқыланған жөн», - деп түйді ол.
Индира Кауметова
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды