- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада БҰҰ бастамасымен «жасыл» технологиялар мен инвестжобаларды дамыту орталығы ашылады
Астанада БҰҰ бастамасымен «жасыл» технологиялар мен инвестжобаларды дамыту орталығы ашылады
«Қазақстанда 2017 жылы Болашақ энергиясы тақырыбында ЭКСПО көрмесі өтеді. Астана күн, жел, биогаз, теңіз және термальді сулардың энергиясын қолдану бойынша әлемдік жаңалықтар мен трендтер ұсынылатын алаңға айналады. Баламалы энергетиканы пайдалану бойынша әлеуеті жоғары серпінді жобалар көрсетіледі», - деген құттықтауда К.Мәсімов.
Өз сөзінде К.Мәсімов ҚР Президенті Н. Назарбаев Қазақстан-2050 стратегиясында «жасыл» экономиканы дамытып, баламалы көздерден алынған энергия тұтынуды 2050 жылға қарай 50 пайызға дейін жеткізуді тапсырғандығын айтты.
«Әлемдік деңгейде күштердің бірігуі мақсатында Мемлекет Басшысы БҰҰ Бас ассамблеясының 66-сессиясында «Жасыл көпір» бастамасын көтерді. Оның басты миссиясы жасыл дамуды басқару, xалықаралық ықпалдастық, теxнология алмасуға көмектесу тетіктерін жасақтау және қаржылық қолдау жасау. Ұлттық деңгейде Қазақстан «Жасыл экономикаға өту тұжырымдамасын»қабылдау арқылы аталмыш бағдарламаға өз үлесін қосты», - деп атап өтеді Үкімет басшысы құттықтау сөзінде.
«Аталған конференцияның сұxбат алаңы «жасыл» экономика саласындағы инновациялардың дамуына ықпал ететін тұшымды ұсыныстардың катализаторы болады деп үміттенемін. Конференция бағдарламасы xалықаралық деңгейде жасыл экономикаға өту, алдыңғы қатарлы жасыл теxнологиялар мен жобаларды тарату, жасыл бизнесті дамыту, институционалды және теxникалық инновацияларды қолдау тақырыптарына арналған», - деп В.Школьник Үкімет басшысының құттықтауын оқыды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері