- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау облысының Дәулет ауылына жаңа су құбыры жүргізілді
Маңғыстау облысының Дәулет ауылына жаңа су құбыры жүргізілді
Айта кетейік, аталмыш нысан 2011-2020 жылдарға арналған Ақбұлақ бағдарламасы аясында бой көтерді. Бұл мақсатта республикалық және жергілікті бюджеттен 1 млрд 50 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.
«Біз бүгін Дәулет ауылының барша тұрғындары үшін айтулы шараның куәгері болып отырмыз. Ауыз суын сақтауға арналған резервуар пайдаланылуға берілуде. Ауыл ішіндегі суқұбырының ұзындығы 55,6 км және ауыз суын сақтауға арналған 2 резервуар бар. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады. Аймақтағы өзге ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатындағы жобалардың сметалық құжаттамаларын дайындау аяқталып қалды», - деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.
«Біз ауылға су құбырының жүргізілгеніне дән ризамыз. Егер су таситын арнайы көлік бізге тіршілік көзін тасыса, енді оны краннан ағызып іше береміз. Ауданымызда балабақшалар, мәдениет үйі, денсаулық сақтау нысандары ашылуда. Ал, ауданымыз не бәрі 2007 жылы ғана құрылған болатын. Осы аз уақыттың ішінде жеткен жетістігіміз аз емес», - деп ағынан жарылды Дәулет ауылының тұрғыны Сатыбалды Сайынов.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері