- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында 200 орынға есептелген балабақша ашылды (ФОТО)
Ақмола облысында 200 орынға есептелген балабақша ашылды (ФОТО)
Балабақшаның ашылуы салтанатты түрде өтті. Есіл ауданының әкімі Аманбек Қалжанов барлық қонақтарды «Балбөбек» балабақшасының ашылуымен құттықтап, жаңа балабақшаның ұжымына табыс тіледі.
«Балапан» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген 14 млн теңгеден астам қаржыға нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жаңа балабақша 200 орынға есептелген және 48 адамды жұмыспен қамтыды. Жасыратыны жоқ бұл көптеген есілдіктер үшін және Калачи мен Красногорск ауылдарынан көшіп келгендерге жақсы бастама, олардың балалары кәсіби мамандардың қарауында болады.
Қонақтар үшін балабақшаны таныстыру мақсатында арнайы экскурсия ұйымдастырылды, содан соң салтанат залында балалар жиналған қауым үшін өздерінің өнерін көрсетті.
Айта кетейік, бүгінде Есіл ауданында 29 мектепке дейінгі білім беру мекемісі және 23 шағын орталық жұмыс істейді. Жалпы, 1 және 6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту үлесі 64,9 % құраса, 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамту 93,8% көрсетіп келді, енді жаңа балабақшаның ашылуына орай 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамту көрсеткіші 100%-ға жетті.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді