• Басты
  • Жаңалықтар
  • Д. Абаев: Отандық БАҚ Қазақстанның бірлігін дамыту мен нығайтуға айтарлықтай үлес қосты

Д. Абаев: Отандық БАҚ Қазақстанның бірлігін дамыту мен нығайтуға айтарлықтай үлес қосты

12 Қараша, 2015 21:39
Тәуелсіздік алғалы бері қазақстандық БАҚ Қазақстанның бірлігін дамыту мен нығайтуға айтарлықтай үлес қосты. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім мәдениеті» II Халықаралық медиа форумының «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы масс-медиа рөлі» брифинг сессиясында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі баспасөз хатшысы Дәурен Абаев мәлімдеді.

«Қазақстандық БАҚ Тәуелсіздік алғалы  бері Қазақстанның бірлігін дамыту мен нығайтуға айтарлықтай үлес қосты.  Ең бастысы – тек революциялық және  бейбіт шараларды дамыту жолы мемлекеттің талаптарына жауап береді деген түсініктің қалыптасуы», - деді Д.Абаев.

ҚР Президентінің кеңесшісі бүгінгі қазақстандық масс-медиа жалпыұлттық бірліктің құндылықтарын нығайту жобасы бойынша салмақты жұмыс күтіп тұр.

«Біздің бас идеологиялық  бейімделуіміз – 5 институционалды реформа мен  «Мәңгілік ел». Елбасының маңызды идеясы – жалпыұлттық бірлік пен Қазақстанның  біркелкі  даму негізін  қоғамға барынша  айқын  жеткізу қажет», - деді ол.

«Этникаралық  қарым-қатынасқа аса мән беру өте маңызды, кәсіптілікті нығайтып, материалдарға деген қызығушылықты арттырып, Қазақстанның полиэтникалық қоғамының сақталуын қолдауымыз қажет», - деді Д.Абаев.

Айта кетейік, бүгін Астанада «Бейбітшілік пен келісім мәдениеті» Қазақстан халқы Ассамблеясының II Халықаралық медиа форумы өтті. Шара барысында үш панельдік сессия БАҚ, блог саласының өзекті мәселелері бойынша ұйымдастырылып, отандық және шетелдік спикерлердің қатысуымен шеберлік сыныптары өтті.Сондай-ақ, форум аясында «ҚХА-ға 20 жыл – Бір ел-бір тағдыр» жинағы таныстырылып, «Шаңырақ» журналистика шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Шараға ҚР Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың ресми өкілдері, өңірлік және республикалық БАҚ өкілдері, этномәдени бірлестік өкілдері, Қытай, БАӘ, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Әзірбайжан, Латвия сарапшылары және масс-меда саласындағы отандық сарапшылар мен Қазақстанда аккредиттелген  шетелдік журналистер қатысты.

Индира Кауметова

 

 

Барлық жаңалықтар