• Басты
  • Жаңалықтар
  • Д.Абаев: Қазақстандық журналистерге жалпыұлттық бірлік идеясын насихаттауды белсенділету қажет

Д.Абаев: Қазақстандық журналистерге жалпыұлттық бірлік идеясын насихаттауды белсенділету қажет

12 Қараша, 2015 20:13
Қазақстандық журналистер жалпыұлттық бірлік идеясын насихаттауды белсенділетуі қажет. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім мәдениеті» II Халықаралық медиа форумының «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы масс-медиа рөлі» брифинг сессиясында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі баспасөз хатшысы Дәурен Абаев мәлімдеді.

«Біз сенімсіздікке бас бұра бермей, күн сайын нақты істерде байқалатын қазақстандық патриотизм идеясын насихаттап, адамдардың басын біріктіріп, ықпалдастықты жүзеге асыруымыз керек. Біз болашақтың біртұтас ұлтын құрып жатырмыз, қазақстандық бірлік – өзіңнің ұлтыңнан бас тарту емес, біз өзімізді қазақстандық деп атай отырып, қазақ, шешен, орыс, корей  болудан бас тартып отырған жоқпыз, міне, біздің басымдылығымыз осында», - деді Д.Абаев.

Оның айтуынша, біздің журналистер жалпыұлттық бірлік идеясын белсенді насихаттаулары тиіс.

«Қатып қалған қағидалардан бас тарту керек, себебі бірлік ұғымы тереңде жатыр, ол көзқарастардың бір жерден шығуы, әңгімелесу  мен өзара қарым-қатынас орнату, біз жалпыұлттық бірлік ұғымын қалай түсінетініміз туралы көп айтуымыз қажет, оның ерекшелігі мен нығайту жолдарын қарастыруымыз керек», - деді Мемлекет басшысының кеңесшісі.

Сондай-ақ, Д.Абаев бүгінгі таңда БАҚ болып жатқан оқиғаларға әлеуметтік маңыз беретінін айтып өтті.

«Сөз – ең тиімді сендіру құралы. Бүгінгі сөзге ие – масс медиа. Сөзге келгенде оның шекарасы мен шектеуі жоқ. «Қаһарлы сөз – қамал бұзады» деген ата-бабаларымыз. Бүгінгі таңда масс-медиа рөлі әртүрлі бағаланады. Кейбіреуі асыра жазғанды жақсы көрсе, басқалары керісінше жұмыс жасайды», - деді ол.

Президент кеңесшісі айтып өткендей, дегенмен, біреуі анық, масс медиа жаппай халық пікірі, саясат пен қоғамға ықпал ете алатын өзекті құрал болып отыр. Теледидар, компьютер немесе планшет экрандарынан таратылған жаңалық, газеттегі мақала немесе танымал блогтағы жазба, бұның барлығы айналамыздағы қоғамның бейнесін көрсетеді. Ол арқылы болып жатқан оқиғалардың әлеуметтік маңызы қалыптасады.

«Ал, интернет пен сандық технологиялар мүмкіндіктерді бірнеше есе арттырады. Сондай-ақ, бүгінгі таңда масс медиа геосаясатта кең қолданылатын ақпараттық қару екендігін ұмытпау керек», - дейді Дәурен Абаев.

Айта кетейік, бүгін Астанада «Бейбітшілік пен келісім мәдениеті» Қазақстан халқы Ассамблеясының II Халықаралық медиа форумы өтті. Шара барысында үш панельдік сессия БАҚ, блог саласының өзекті мәселелері бойынша ұйымдастырылып, отандық және шетелдік спикерлердің қатысуымен шеберлік сыныптары өтті.Сондай-ақ, форум аясында «ҚХА-ға 20 жыл – Бір ел-бір тағдыр» жинағы таныстырылып, «Шаңырақ» журналистика шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Шараға ҚР Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың ресми өкілдері, өңірлік және республикалық БАҚ өкілдері, этномәдени бірлестік өкілдері, Қытай, БАӘ, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Әзірбайжан, Латвия сарапшылары және масс-меда саласындағы отандық сарапшылар мен Қазақстанда аккредиттелген  шетелдік журналистер қатысты.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар