- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде «Нұрлы Жол» бағдарламасының жобалары 3,9 млрд теңгеге жүзеге асырылуда
Ақтөбеде «Нұрлы Жол» бағдарламасының жобалары 3,9 млрд теңгеге жүзеге асырылуда

Бұл білім, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің және тұрғын үй құрылыстары.
Ағымдағы жылы Ұлттық қорданбілім объектілері құрылысына 1 млрд.150 млн.теңге бөлінді. Бұл қаржыға «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданында 1200 орындық орта мектеп құрылысы жалғасуда және тағы да үш білім мекемесінің, соның ішінде, Заречный-3 кентінде 600 орындық орта мектеп, Кірпішті кентінде 320 орындық мектеп және Қарғалы селосында 320 орындық балабақша құрылысы басталды. Осы объектілердегі құрылыс-монтаж жұмыстары бар қарқынмен жүруде.
Тұрғын үй құрылысына 2,5 млрд.теңге бөлінді. Осы қаржы есебінен «Тұрғын үй құрылыс-жинақ» жүйесі бойынша салынып жатқан «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданындағы №20 тұрғын үй құрылысын аяқтау жұмыстары жүргізілуде. Оны 2015 жылғы желтоқсанда пайдалануға беру жоспарлануда.
Сондай-ақ, «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданында № 18, 36, 38 тұрғын үйлердің 10 блок-секциясының құрылысы басталды. Бас мердігер «Ақтөбе Сәулет» ЖШС барлық жұмыстарды кестеге сай жүргізуде. Бұл жобаларды жүзеге асыру кейіннен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс-жинақ банкі» АҚ салымшылары арасында бөлінетін, 2016 жылы 33,6 мың м2 тұрғын үйді немесе 540 пәтерді пайдалануға беруге мүмкіндік береді.
Инженерлік желілер объектілеріне, оның ішінде, «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданын газбен жабдықтау үшін газды есептеу торабы құрылысына, «Қалалық» аралық станциясынан «Батыс-2» ықшам ауданына дейін электр беру әуе желілері құрылысына және басқаларына Ұлттық қордан 329,3 млн.теңге бөлінді.
Жоғарыда аталған инвестициялардан басқа, ағымдағы жылы «Трансэнерго» АҚ «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында көп көлемді жұмыс атқарды. Жалпы ұзындығы 11,6 км 66 учаскедегі жылу желілерін жөндеуге және кәсіпорын теңгерімінде тұрған 3 қазандықты толық қайта жарақтандыруға 3,6 млрд. теңге бөлінді.
2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Ақбұлақ» АҚ инвестициялар көлемі 1 млрд. 30 млн.теңге болатын су құбырының кәріз желілерін жөндеу бойынша 3 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр
-
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда
-
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген
-
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр
-
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді
-
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы

