• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекет басшысы ҚР мен РФ ынтымақтастығының аймақаралық форумына қатысады

Мемлекет басшысы ҚР мен РФ ынтымақтастығының аймақаралық форумына қатысады

5 Қараша, 2013 09:23
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Ресей Федерациясына барады. Бұл туралы ОКҚ-нің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 10-11 қараша күндері Ресейдің Екатеринбург қаласында өтетін аймақаралық форумға қатысады. Форум барысында Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесіп, өзара ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қояды», - деді А.Әбибуллаев.

Х-шы рет өткелі отырған бұл форум барысында екі елдің экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жағдайы талқыланады. Естеріңізде болса, ІХ-шы форум Павлодар қаласында өткен болатын. Форум өз нәтижесін беріп, екі елдің сауда айналымы соңғы 9 айдың ішінде 15 млрд. 200 млн. АҚШ долларына жеткен.

Барлық жаңалықтар