Маңғыстау облысында 1200 орынға есептелген жаңа мектеп ашылды (ФОТО)

13 Қараша, 2015 08:37
Мұнайлы ауданы Атамекен ауылында жаңа мектеп өз есігін айқара ашты, деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімдігі.

Айта өтейік, жаңа мектеп 1200 орынға есептелген, сонымен қатар заманауи білім беру техникасымен жабдықталған және арнайы химия, физика, биология сыныптары бар. Сонымен қатар,  мұнда жылыжай қарастырылған.

Аталмыш нысанның құрылысына республикалық және жергілікті бюджеттен 1 млрд 537 млн теңге қарастырылды. Сондай-ақ, 200-ден астам адам жұмысқа орналастырылды.

«Мемлекет басшысы саясатының нәтижесінде елімізде балаларымыздың білім алуы үшін барлық қолайлы жағдай жасалуда. Атамекен ауылының 2,5 мыңнан астам баласы Ақтау қаласында білім алып келді. Енді олар алысқа бармай-ақ өз аулыдарында сапалы білім ала алады», - деді Маңғыстау облысы білім беру басқармасының бастығы Зейнеп Тастемірова.

Барлық жаңалықтар