Маңғыстау облысында 280 орындық балабақша ашылды

12 Қараша, 2015 19:36
Мұнайлы ауданының Атамекен ауылында «Шағала» балабақшасы есігін айқара ашты, деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімдігі.

280 орындық «Шағала» балабақшасы «Балапан» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет есебіне салынды.

Бұл мақсаттарға 401 млн теңге бағытталды. Білім берудің жаңа нысаны медициналық кабинетпен, музыка және спорт, балалар алаңымен  жабдықталған.

«Мұнайлы ауданының білім беру кезінде мектепке дейінгі білім берумен қамту 1 пайызды құраса, қазір ол 62 пайызды құрайды. 3-6 жас аралығындағы балғындар жаңа 30 балабақшада тәрбиеленуде. Сондай-ақ, жыл соңына дейін тағы 2 балабақшаны пайдалануға беру жоспарлануда», - деді Маңғыстау облысының білім беру басқармасының жетекшісі Зейнеп Тастемірова.

 

Барлық жаңалықтар