- Басты
- Жаңалықтар
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 6 әлеуметтік нысанды Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне берді (ФОТО)
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 6 әлеуметтік нысанды Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне берді (ФОТО)
Осы жылдың соңына дейін жергілікті атқарушы органдар теңгеріміне қосымша тағы 2 әлеуметтік нысан, яғни медициналық кешен және қуат тасымалдайтын компания берілетін болады.
Компаниялардың аймаққа көшуін облыстың дамуы және салық базасын кеңейтуге серпін береді. Бұған қоса, жергілікті тұрғындар үшін қосымша жұмыс орындары ашылады. Профильдік емес активтермен нысандарды қайта табыстау Елбасының тапсырмасымен, компанияның қызмет тиімділігін арттырып, экономикалық көрсеткіштерін жақсарту мақсатында жүргізіліп жатыр.
« «Қазатомпром» тарапынан облыстың теңгеріміне беріп отырған нысандарды ұстап тұруға 2015-2016 жылдарға 1,6 млрд. теңге бөлінді. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін қызылордалықтардың атынан Ұлттық компанияның басшылығына алғысымды айтамын», - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Уран өндіретін елді мекендерде орналасқан әлеуметтік маңызды нысандарды табыстау компания және жергілікті атқарушы органдар арасында 2015-2016 жылдары оңтүстік аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жасалған меморандум шеңберінде жүзеге асырылды.
««Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ әлеуметтік салаға барынша көп көңіл бөлетін компания. Қазір компания тарапынан салынған 6 әлеуметтік нысанды Қызылорда облысы әкімдігінің теңгеріміне тапсырып отырмыз. Айта кететін маңызды мәселе осы әлеуметтік нысандарда жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмыс орындары толық сақталатынын мәлімдеймін. Және Сыр өңірінің дамуы жолында әкімдікпен бірлесіп жұмыс істейтеуге дайынбыз», - дейді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев.
Қазіргі таңда Қызылорда облысының әкімдігі теңгеріміне 6 әлеуметтік маңызы бар нысан, атап айтқанда 280 орындық балабақша, мәдениет үйі, спорттық-сауықтыру кешені мен қонақ үйі өткізілді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды