ШҚО-ның Зырян ауданында жаңа мектеп ашылды (ФОТО)

12 Қараша, 2015 19:04
Оқу жылының екінші тоқсанынан бастап Чапаев ауылының оқушылары жаңа мектепте білім алатын болады, деп хабарлады ШҚО-ның Ақпарат Орталығы.

Жақында ғана мектептің салтанатты ашылуы өтті. Білім ошағы заманауи техникамен жабдықталған, онда мультимедиялық сыныптар, арнайы химия, физика сыныптары бар. Енді жаңа ғимаратта 130 оқушы білім алатын болады.

Естереңізге сала кетейік, мектептің құрылысы 2011 жылы басталған және 2013 жылы пайдалануға берілу керек болатын. Құрылысы созылып кеткен нысанды аймақ басшысы Даниал Ахметов өзінің қатаң бақылауына алған болатын.

Құрылысты аяқтау үшін  «Нарын Сервис» кәсіпорнымен қосымша келісім жасалған еді.

Барлық жаңалықтар