- Басты
- Жаңалықтар
- Астанадағы Тechconnect.tech-те Ашық және Үлкен деректер талқыланды
Астанадағы Тechconnect.tech-те Ашық және Үлкен деректер талқыланды
Іс-шараның мақсаты – болашақта Қазақстанда Үлкен және Ашық деректер саласының дамуына ықпал ететін осы саладағы зерттеулер нәтижелері мен олардың даму болашағы және тәжірибелік қолдануын талқылауға арналған алаң ұсыну.
"Ашық деректер БАҚ дамуына да мүмкіндік береді. Мысалы бүкіл әлемде дамып келе жатқан data-журналистика немесе "деректердің журналистикасы" тренді. Бұл жағдайда журналистер жалпы қол жетімділіктегі ақпаратты түрлі есептер, статистика және тағы басқа түрлерде қолдана алады. Бұл ақпарат журналистермен өңделгеннен кейін көпшілікке түсінікті болады. Бірақ бұл ақпаратпен жұмыс істеу үшін қылқалам қызметкерлері кейбір теxникалық дағдыларды игеру керек. Біз аталғаннан бағытта БАҚ-пен ынтымақтастықты жоспарлап отырмыз, себебі ашық деректер олар үшін үлкен мүмкіндік береді" - деп АSTEX конференциясында "Ұлттық ақпараттық теxнологиялар" АҚ басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев xабарлады.
«Ашық үкіметті» енгізу, орталық мемлекеттік органдардың статистикалық деректер қорларының онлайн қолжетімділігі, азаматтардың тиісті бюджет жобаларын талқылауға қатысу механизмдері - осы үш қадам Мемлекет басшысының Қазақстанның әлемнің 30 дамыған елдер қатарына кірудің бес институционалдық реформалары тұрғысында «Есеп беруге тиісті мемлекетті құру» реформасын жүзеге асыру үшін белгіленген болатын.
Заң шығару базасы бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда ҚР Парламентімен «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» және «Ақпараттандыру туралы» заң жобалары мақұлданды. Оларға «ашық деректер» түсінігі енгізіліп, мемлекеттік органдардың белгіленген уақытта машинамен оқылатын деректерді ұсынуға міндеттілігі бекітілді.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар