«Астана-Теміртау» автожолының 6,5 км жолында қозғалыс ашылды

5 Қараша, 2013 09:22
«Астана-Теміртау» автожолының оң жақ қозғалыс жолағымен 6,5 км жол бойында қозғалыс ашылды. Бұған дейінгі жолдың ені 8 м болса, қазіргі салынып жатқан жолдың 6,5 километрінің жүріп өтетін бөлігінің ені 11 м. «Астана-Теміртау» автожолын қайта салып біткенде оның екі бағыттағы жалпы ені 22 метрге жететін болады,деп Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жолдың жалпы ұзындығы 169 км. Ол алты учаскеге бөлінген. Қазір құрылыс жұмыстары Ақмола және Қарағанды облыстарының екі учаскесінде жүргізілуде. Бұған қосымша ұзындығы 21 км және бір учаске үшін жобалық-сметалық құжаты (ЖСҚ) әзірленді. Қазіргі уақытта мердігер таңдау конкурсы жарияланған. Қалған үш учаскенің ЖСҚ әзірленуде. Жобалау-зерттеу жұмыстарын аяқтау қараша айына, ал құрылысты бастау 2014 жылға белгіленген. Сонымен келесі жылы құрылыс жұмыстары бүкіл трасса бойында жүргізу белгіленген. «Астана-Теміртау» жолын қайта салуды аяқтағанда жол төрт жолақты болып, І техникалық категорияға жатқызылатын болады», - деп хабарламада нақтыланған.

Жобаны іске асыру аясында учаскені қайта салу жұмыстарына 160 жол-құрылыс техникасы тартылып, жаңадан 230 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде аршалы кенті мен Аршалы ауданының елді мекендерінен 60 адам жұмысқа орналастырылды.

«Астана-Теміртау» автожолының 6,5 км бойындағы учаскеде жол қозғалысы ашалардың алдын осындағы жол құрылысы барсымен көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев танысып қайтқан болатын. Министр әзір болған учаскелерде құрылысы аяқталысымен жол қозғалысын ашып отыру қажеттігін атап өтті. Ведомствоның жоспарына сәйкес, ең алдымен жолға екі қосымша жолақ салынып, олардың бойымен қозғалыс ашқаннан кейін ғана қолданыстағы жолды қайта салу басталуға тиіс. Яғни, осы шаралар арқылы машиналар айналма жолмен жүрмейтін болады.

 

 

Барлық жаңалықтар