• Басты
  • А. Сәрінжіпов техникалық және кәсіптік білім беру саласының ардагерлерін марапаттады (ФОТО)

А. Сәрінжіпов техникалық және кәсіптік білім беру саласының ардагерлерін марапаттады (ФОТО)

12 Қараша, 2015 16:09
Астанада «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты» VII Халықаралық форумы өтті. Форум шеңберінде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов техникалық және кәсіптік білім беру саласының ардагерлерін марапаттады.

«Бүгін үлкен мейрам, біз техникалық және кәсіптік білім беру саласының 75-жылдығын атап өтудеміз. Біздің ұстаздарымыздың ерең еңбегінің арқасында түлектеріміз ертеңгі күніне сеніммен қарай алады», — деді  Аслан Сәрінжіпов өзінің құттықтау сөзінде.

Форум шеңберінде «Шеберлер қаласы» көрмесі және техникалық және кәсіптік білім беру саласының ардагерлерін, «World Skills International» Халықаралық көрме жеңімпаздарын, сондай-ақ өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерін марапаттау рәсімі өткізілді.

Министрдің айтуынша, еліміздің кәсіптік техникалық білім беру саласының алдында үлкен міндеттер тұр. Елбасы жариялаған Ұлт жоспары «100 қадамда» кәсіптік техникалық білім беру саласына ерекше роль берілген. Осы ретте дуалды білім беру мен отандық өндірушілермен, кәсіпорындармен тығыз байланысты жұмыс істеу өте маңызды.

Форум жұмысына «Қазақмыс» Коорпорациясы ЖШС-нің Директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай, TVET UK  атқарушы директоры Мэтью Андерсон, Түркия Республикасының Үкіметі жанындағы Ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің Қазақстандағы өкілдігінің  төрағасы Мехмед Бодур, Ресей орта арнайы оқу орындары директорлары кеңесінің президент Виктор Демин , Германия, Финляндия, Ұлыбритания, Польша, АҚШ, Оңтүстік Корея, Белоруссия, Ресей, Өзбекстаннан келген халықаралық сарапшылар, ЕуроОдақ, Дүниежүзілік банк, Британ Кеңесі, PISA (Ұлыбритания), GIZ (Германия) және ұлттық шетелдік компаниялар мен холдингтер мен Қазақстан салалық ассоциациялар өкілдері, жұмыс беруші әлеуметтік әріптестер және тағы басқалар қатысты.

Форумға қатысушылар еңбек нарығына бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандар даярлауда серіктестікті тиімді дамытуда тәжірибе алмасты.  Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кадрлар даярлау, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне жаңа инновациялық әдістерін пайдалану мен заманауи механизмдерін талқылады.

Фото Азамат Әлиев

Барлық жаңалықтар