- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада 240 орындық жаңа балабақша ашылды
Астанада 240 орындық жаңа балабақша ашылды

Аталған бағдарлама аясында «Алматы» ауданы Айнакөл көшесі, 66/1 (Қаныш Сәтбаев (Мирзоян) көшесінің қиылысында) мекенжайында № 83 «Жансая» сәбилер балабақшасы ашылды. Жоба бойынша мектепке дейінгі білім беру мекемесі 240 орынға есептелген, онда әр түрлі жастағы балалар үшін 12 топ жұмыс істейді.
Мектепке дейінгі білім беруге арналған жаңа нысандар балалардың ойын ойнауына, демалуына және оқуына қажетті барлық орын-жайлардан тұрады.
Жоғарыда аталған жаңадан пайдалануға берілетін барлық алты мектепке дейінгі мекемелерге жасақтау 2015 жылдың 13 қарашасында жоспардан тыс жүргізіледі. Оны кезекке тіркелген барлық жас ерекшеліктері топтарындағы балалар үшін Қарталы көшесіндегі № 61 мектепте жұмыс тобы бөледі.
Жыл басынан бері қазірдің өзінде үш балабақша жұмыс істеп жатқанын естеріңізге саламыз, олар: Түркістан көшесі, 12/1 мекенжайындағы 240 орындық № 78 «Асыл», А195 көшесі, 1-үйдегі 240 орындық «Шабыт», Нәжімеденов көшесі, 18/3 мекенжайындағы 240 орындық «Әсемгүл» балабақшалары.
Бұдан бөлек, 2016 жылдың 1 қаңтарынан Астана қаласының коммуналдық меншігіне Хусейн бен Талал мен № 36 көшелерінің қиылысы ауданындағы көппәтерлі тұрғын үй кешенінің бірінші қабатында орналасқан 48 орындық балабақша пайдалануға беріледі.
Оны жұмыс істеп жатқан №54 «Нұрай» балабақшасына қосу ұйғарылып отыр. Бұл нысан Бас прокуратура қаражаты есебінен тұрғызылып, 2015 жылы 27 қазанда ашылды.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды
-
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді
-
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты
-
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер
-
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді
-
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды
-
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр
-
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер
-
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады
-
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары
-
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру
-
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды
-
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр

