- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК қатарының соңғы толымы болып СҚО шақырылушылары атанды (ФОТО)
ҚР ҚК қатарының соңғы толымы болып СҚО шақырылушылары атанды (ФОТО)
Шақырылушылардың соңғы жөнелтілген командаларының бірін Солтүстік Қазақстан облысынан шығарып салды. Қарулы Күштер қатарына мерзімді әскери қызметке 50-ге жуық солтүстік қазақстандық шақырылды. Петропавлдан олар Гвардейск кентінің 30212 әскери бөліміне аттанды.
Іс-шара рәсімі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары талаптарына сәйкес өтті. Жаңадан келгендерді бұл күні ата-аналары, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Қарулы Күштердің ардагерлері, жергілікті соғыс ардагерлері, билік өкілдері, Петропавл қаласының орта-арнаулы оқу орындарының студенттері құттықтады.
Қорғаныс істері жөніндегі департаментте айтып өткендей, Солтүстік Қазақстан облысынан келген бозбалалар әскерге құштарлықпен және әскери істің қыр-сырын танып-білу үшін қызығушылықпен аттанады. Бүгінгі таңда әр қазақстандық қазақстандық армияда қызмет ету беделге және құрметке ие, олардың біршамасы келісімшарт бойынша әскери қызметте қалуға ықылас білдіруде.
Мерзімді әскери қызметке шақыру, келісімшарт бойынша әскери қызметке орналасу және өткеру, әскери билет алу, сондай-ақ әскери есепке алуды жүргізу мәселелері онда өткізілген ашық есік күні негізгі болғанын айта кеткен жөн. Петропавл гарнизонының әскери қызметшілері өтініш білдіріп, жүгінген азаматтарға өздерінің құқықтарын іске асыру мәселелері жөнінде бүге-шігесіне дейін түсіндіріп, егжей-тегжейлі жауап берді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары