• Басты
  • Жаңалықтар
  • Салаларда IT-технологияларды қолдану салмақты экономикалық әсер береді – министр

Салаларда IT-технологияларды қолдану салмақты экономикалық әсер береді – министр

12 Қараша, 2015 12:53
Кез келген салада IT-технологияларды қолдану салмақты экономикалық әсер береді, деді Techconnect Astana технологиялық форумы аясында Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев.

«Біз Жаһандық инновациялық желінің  бастауында тұрмыз, бұл әрекетсіз ел бәсекеге қабілетті бола алмайды. Ірі экономикалық әсер беретін маңызды технологиялық тренд бар, ол біздің елді айналып өтпейді. Мәселен, робототехниканы дамыту  миллиардтаған адамдарды жұмыссыз қалдыруы мүмкін», - деді Ә.Исекешев.

Оның айтуынша, соңғы жылдары өндірістік жұмыстағы сұраныс 27 пайызға өсті.

«Біз сондай-ақ, интернеттің дамуы тек экономиканы ғана емес, қоғамдағы әлеуметтік көріністі де өзгертті. Кез келген салада  IT-технологияларды қолдану  салмақты   экономикалық әсер береді», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар