• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ә.Исекешев: Қазақстан экономика болашағы жолындағы инновацияларды оң қабылдайды

Ә.Исекешев: Қазақстан экономика болашағы жолындағы инновацияларды оң қабылдайды

12 Қараша, 2015 12:49
TechConnect Astana форум осыдан бір апта бұрын Алматыда басталған инновациялық аптаның шешуші кезеңі болады. Бұл Қазақстанның экономикасының болашағы жолында инновацияларды қолдайтынын білдіреді, деп хабарлады ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Techconnect Astana технологиялық форумында.

 «TechConnect Astana форум осыдан бір апта бұрын Алматыда басталған  инновациялық аптаның шешуші кезеңі болады.  Бұл Қазақстанның экономикасының болашағы жолында инновацияларды қолдайтынын білдіреді. Елбасы тұрақты өсімді қамтамасыз ету мақсатында 5 институционалды реформаны жариялады. Бұл реформалар экономиканың өсіміне, ашықтаққа және мемлекеттің жауапкершілігіне, тиімді басқару мен заңдылыққа бағытталған», - деді Ә. Исекешев.

Оның айтуынша, инновацияның дамуына маңызды рол берілген. Мысалы, Қазақстанда мемлекет пен кәсіпкерліктің серіктестігі аясында 2 ұлттық бизнес кластер  іске қосылды.   
«Екі ұлттық бизнес кластер  іске қосылды. Астана - бизнес-кампус және Алматы – техниқалық парк», - деп толықтырды Ә. Исекешев.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар