- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК-нің 72 сержанты өздерінің біліктіліктерін арттыруда
ҚР ҚК-нің 72 сержанты өздерінің біліктіліктерін арттыруда
Аталған курс шеңберінде Ақмола облысының Щучье қаласына ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері санынан 72 сержант келді. Олардың ішінде төрт өңірлік қолбасшылықтың өкілдері, сондай-ақ барлық түрлер мен әскер тектерінің әскери қызметшілері бар.
Осы дайындықтың негізгі мақсаты қосымша білімді, шеберлік пен дағдыны алуға бағытталған сержанттардың арнайы бағдарламаны өтуінен, сондай-ақ ғылыми және оқу пәндерін, зерделеу, техника бөлімдері мен жаңа технологияларды меңгеруден тұрады.
Сонымен, мәселен, курс бағдарламасына атыс, тактикалық, саптық, техникалық және дене даярлығы, жалпыәскери жарғы, әскери құқық негіздері пәндері кіреді. Көрсетілген пәндер бойынша тыңдалған академиялық сағаттардан кейін сержанттар сынақ және емтихан тапсырады. Бұл курс бір айға созылады, одан кейін тапсырылған емтихан негізінде сержанттарға біліктілікті артыру туралы сертификаттар беріледі.
ҚР Қарулы Күштерінде сержанттар құрамының курстық даярлығы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабы бастығының бұйрығына сәйкес ұйымдастырылады және 5 деңгейлі дайындықтан тұратынын айта кетейік. Ол: сержанттың базалық курсы, взвод сержанты, рота сержанты, батальон сержанты және бригада сержанты курстары. Жалпы алғанда, осы жылы дайындықтан тиісті деңгейдегі шамамен 1000 сержант өтті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады -
ҚР Денсаулық сақтау министрі Цой мен вице-министр Шоранов QAZVAC салдырды -
Нотариат саласындағы реформалар: жылжымайтын мүлік құқықтары, цифрланған нотариус -
ҚР экономикасы: Инфляция, теңгенің құнсыздануы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар