- Басты
- Жаңалықтар
- БЖК-2020: Шиеліде жастық тазалап, қайта қалпына келтіретін шағын цех ашылды
БЖК-2020: Шиеліде жастық тазалап, қайта қалпына келтіретін шағын цех ашылды
Еске сала кетсек, үстіміздегі жылы Тамара Ақмағамбетова «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында өзінің инновациялық жобасын жүзеге асыруға 1 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз грант жеңіп алған болатын. Құны 3 млн теңгеге дейін қайтарымсыз гранттар мемлекет тарапынан өзінің жаңашылдығымен ерекшеленетін бизнес-идеяларды қолдауға беріледі.
Осы уақыт аралығында кәсіпкер Даму Қоры қызметкерлерінің қолдауымен өз цехын іске қосу бағытында құжаттар дайындап, Ресейден қондырғы күткен болатын. Қазіргі таңда жаңа қондырғы тапсырысқа сәйкес цехқа жеткізіліп, пайдалануға толықтай дайын. Жастықтарды химиялық тазалаудан өткізетін цех Шиелі ауданы үшін ең алғашқы жаңашыл жоба болмақ.
Тамара Ақмағамбетованың айтуынша, БАҚ өкілдерімен жоба туралы ақпарат шыққалы, аудан тұрғындарынан цехтың қызметіне осы күннің өзінде-ақ сұраныс артып отыр. Цехтың ашылу рәсіміне арнайы келген қонақтарға жаңа қондырғыда жастық тазалау процесі көрсетілді.
Өңдеу барысында жастықтың ішіндегі қауырсындар ултракүлгін сәулесіне шалдығып, кептіру арқылы қоқыс пен қауырсындар бір-бірінен ажыратылды, содан кейін тазартылған қауырсындар жаңа жастық қабына, ал тастар, құм, шыбық секілді қоқыстар, қондырғының арнайы бөліктеріне жиналды. Қайта өңдеу барысында жастық тек қана тазартылып қоймай, өзінің байырғы пайдалы қасиеттерін қалпына келтіреді екен. Қонақтар алдында ескі жастық, жап-жаңа, көлемді, әрі жеңіл болып шыға келді.
«Менің өз бизнесімді ашу бойынша бастамаларым оңалту орталығында Даму Қоры қызметкерлері өткізген ақпараттық семинарға қатысудан басталған болатын. Шынын айту керек, семинар қатысушылары мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға шақырған мамандардың сөзіне сенімсіздікпен қарады. Бірақ мен өз күш-жігерімді жинап, неге берілген мүмкіндікті пайдаланбаймын деген ойға келдім. Міне, қазір өздеріңіз көріп отырғандай мен осындай жетістікке жетіп отырмын. Осының барлығы қажырлы еңбек, өзімен деген сенім және мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың нәтижесі. Адам алдына қойған мақсатқа жету үшін барлық қиындықтарға төзуге дайын болу керек, тек сонда ғана табысқа жетуге болады», - деп бүгінде кәсіпкер атанып отырған Тамара апай өз ойымен бөлісті.
Атап өтсек, мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер Тамара Ақмағамбетова өзімен қатар, тағы 2 ауыл тұрғынын тұрақты жұмыс орнымен қамтиды және алдағы ауқытта кәсіпкер әйел өз ісін кеңейтіп, тағы да жұмыс орындарын ашуды көздеп отыр.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
COVID-19: Вакцина алғандар қайта вирус жұқтыруы мүмкін бе -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Қазақстан және әлем экономикасы қайта қалпына келе бастады -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды