Алматы облысының 3 зауыты арзан дизель отынын өндіріп жатыр

12 Қараша, 2015 17:29
Алматы облысында пеллетпен жылыту жүйесіне көшкен 35 нысан бар. Дизель отынына қарағанда үш есе арзанға түсетін бұл жаңа отын түрін облыста Қаратал, Көксу, Кербұлақ аудандарындағы 3 зауыт шығарып отыр, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қаратал ауданында күріштің, ал қалған екі ауданда майбұршақтың сабаны пайдаланылады. Аталған жасыл энергетика жылыту жүйесіне жаңадан енгізіліп жатқандықтан биылғы жылы жергілікті бюджеттен 15 млн. теңге  1 айлық дизель отынының артық қоры ретінде бөлініп отыр.

Бюджеттік ұйымдар үшін 2,2, млрд. теңгеге 20,6 млн. литр дизель отыны сатып алынған, ал тұрғындардың тұтыну қажеттілігін құрайтын 1 430,8 мың тонна көмірдің 1 207,9 мың тоннасы бүгінгі күні облыстағы қоймаларда бар.

Қысқы маусымда жылумен және энергиямен қамтушы кәсіпорындар да отын жағынан  дер кезінде қамтамасыз етіліп, мазут пен қатты отынның тиісті мөлшері алынған. 

Барлық жаңалықтар