• Басты
  • Жаңалықтар
  • К. Мәсімов: Әр мемлекет өзінің Силикон алқабының болғанын армандайды (ФОТО)

К. Мәсімов: Әр мемлекет өзінің Силикон алқабының болғанын армандайды (ФОТО)

12 Қараша, 2015 10:57
Әр мемлекет, әр үкімет басшы өзінің мемлекетінде Силикон алқабының болғанын армандайды, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Techconnect Astana технологиялық форумында.

«Инновациялар мен стартаптарды дамыту жолы өте ауыр. Осында отарғандардың барлығы 100% табысқа жете бермейді. Алайда бұл осы бизнестіі бір артықшылығы. Жетістікке жетуге болады, биік шыңнан құлап қайтадан алға бет алуға болады. Дәл осындай бәскеге қабілетті ортада ең бастысы мүмкіндік бар»,-деді Кәрім Мәсімов.

Үкімет басшысы атап өткендей, әр мемлекет, әр үкімет басшы өзінің мемлекетінде Силикон алқабының болғанын армандайды.  

«Алайда бұл кез-келген мелекеттің қолынан келе бермейді. Үкіметтің міндеті – сіздер жаңа идеялар ұсынуларыңыз үшін атмосфера қалыптастыру, сол кезде біз біздерге көмектесетін боламыз», - деп толықтырды Премьер-Министр.

Ботагөз Айтжанова

Фото Азамат Әлиев

Барлық жаңалықтар