- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында жаңа қазандық пайдалануға берілді
Алматы облысында жаңа қазандық пайдалануға берілді
12 Қараша, 2015 15:03
Алматы облысы Сарқан қаласында құны 1,1 млдр. теңге болатын орталық қазандық пен жылу жүйелерінің құрылысы аяқталды, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
«Сарқан жылу» МҚК-ның жарғылық капиталын қалыптастыру мақсатында арнайы техника сатып алу үшін облыстық бюджеттен 100 млн. теңге, көмір алуға 67,97 млн. теңге бөлінді.
Бүгінгі күні Сарқан қаласында бюджеттік саланың 14 нысаны орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.
Сонымен қатар, Үштөбе қаласындағы «Жылыту орталығы» ЖШС-ның қазандығына 746,2 млн. теңгеге жаңғырту жұмыстары жасалды. Ал Текелі қаласының «Алатау» және «Достық» шағын аудандарында жалпы ұзындығы 12,5 шақырым болатын магистралды жылу жүйелері төселу үстінде.
Бұл өз кезегінде тұрғындардың орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілу деңгейін 19 %-дан 26 %-ға дейін жеткізуге, тозығы жеткен жылу жүйелерін 58 %-дан 50 %-ға азайтуға мүмкіндік береді.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме?